12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әдеп норамаларын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті

Үстіміздегі жылдың 17 мамыр күні сағат 16:00-де Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппараты қызметкерлерімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Қошатаев Сәбит Рысбекұлымен және Алматы қаласының әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ахетов Мамай Қаниұлымен әдеп нормаларын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңес еркін форматта мекеме қызметкерлерімен ашық сұхбат ретінде өткізілді.

Әдеп нормаларын сақтау бойынша тақырып кеңінен тарқатылып айтылды. Пікір-талас қызу талқыланды.

Мемлекеттік қызметшілердің киім кию  үлгісі, сөйлеу мәнері, жүріс-тұрысы, ұжымдағы моралді-психологиялық ахуал, қызметтен тыс уақытта бейәдеп қылық көрсетпеуі сияқты мәселелер қаралып, талқыланды.

Сонымен қатар лудамания мәселесі. Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойынға әуестігі, қоғамда белең алып отырған мәселелердің бірі ретінде қаралды.

Осындай мәселелердің алдын алу мақсатында, ұжыммен осы тақырыпта жиі әңгімелесулер, жиындар өткізіп отыру қажеттігі айтылды.

Азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сай, құқықтары және заңды мүдделері мемлекеттің мүддесінен жоғары тұратындығын ұмытпауымыз керек.

           Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілетін анонимді сауалнамалар жүргізіліп тұру ескертілді.

Азаматтардың мәселелерін қарау, оны орындау мақсатында, мемлекеттік органның басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер де азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге консультациялар бере отырып, әдеп нормаларын түсіндіру және мемлекеттік қызмет саласы бойынша  қабылдау жүргізеді.

Пікір-талас кезінде мемлекеттік қызметшілердің көкейінде жүрген өзекті мәселелер, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын бағдарламалар мен механизмдерін қалыптастыру керек деген ұсыныстар жасалды.

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын бағдарламалар мен механизмдерін қалыптастыру жөнінде ұсыныс жасалды.

Ұсыныстар қабылданып, назарға алынды. Осы бағытта жұмыстар атқарылатындығы және Агенттікке ұсыныстар жасалатындығы мемлекеттік қызметшілердің назарына жеткізілді.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша

Департаментінің мемлекеттік қызмет

Саласындағы бақылау басқармасының

бас маманы Қошатаев Сәбит Рысбекұлы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...