Түрксіб станциясының Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

ҚР ІІМ Көліктегі ПД-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айының 10-20 күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Осыған байланысты жедел іс-шараның тиісті деңгейде өткерілуі үшін Түрксіб станциясының Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында теміржол обьектілерінде тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, теміржол көлігі нысандарындағы азаматтардың қауіпсіздігін жеткілікті түрде қамтамасыз ету, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау жане болдырмау. Теміржол аса қауіпті аймақ болғандықтан, теміржол бойында орын алатын жазатайым деректерін болдырмау мақсатында Түрксіб ст. ЖПб-нің қызмет көрсету аумағында теміржолға жақын орналасқан елдімекен тұрғындарына теміржолдан өту қағидаларын сақтау және теміржолға жақын жерлерде мал жаю бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған іс шараны өткізу барысында ағымдағы жылдың мамыр айының 17-сы күні Түрксіб станциясы теміржол вокзалының перронында жолаушылар поездарында жол серіктер мен жолаушылар арасында жол үстіндегі кездесулер өткізіп, «Құқықтық тәртіп» тақырыптарына профилактикалық мақсатпен кездесу жүргізілді. Жедел профилактикалық іс-шараның мақсаты көлік обьектілерінде қоғамдық тәртіпгі тиісті деңгейде сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Теміржолға жақын орналасқан оқу орындарының оқушыларымен кездесу өткізіліп, оларға 559 бабының 5 бөлігі ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы және 560 баптарында көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы айтып, оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны және ескерту мен айыппұл түрінде шаралар қолданылатыны ескертілді.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...