12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Азаматтарды жеке қабылдау және өтініштерді қарау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның аумақтық департаментерінің құзіретіне мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнаманы бұзу, қызметтік әдепті сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерi бойынша әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдеріне жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, хабарларын, сұрау салуларын, үн қосуларын, ұсыныстарын, оның ішінде шағымдарын қарау кіреді.

2023 жылы Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаментімен азаматтардан жыл бойы 595 жолданым келіп түссе, биылғы жылдың бірінші тоқсанға Департаментке 83 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданып, бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтардың құқұқтары мүмкінділігінше қалпына келтіріліп отырылады.

Азаматтармен көтерілетін мәселелер тек арыз, өтініштерді қарастыру арқылы ғана емес, сонымен қатар Департамент басшылығымен жеке қабылдаулар өткізу арқылы да жүргізіледі.

Жалпы 2023 жылы департамент басшысымен 124 жеке қабылдау өткізілді, оның 82-сі шығып қабылдау арқылы жүргізілді.

Алматы қаласы бойынша департаментімен азаматтарды қабылдау бекітілген жоспар бойынша да, және азаматтардың Департаментке тікелей келіу арқылы да жүргізіледі.

Жоспарға сай мемлекеттік органдарға шығып қабылдау күн тәртібі де қарастырылған. Үстіміздегі жылдың 15 мамыр күні Департамент басшысы Шынарай Әлімханқызы «АМАNAT» партиясы АҚФ қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.

Азаматтарды қабылдау күнін алдын ала анонс жасай отырып, өзіміздің әлеуметтік парақшамызда (elgeqyzmet.almaty) жарияланды.

Қабылдау барысында мемлекеттік қызметтер саласы бойынша сұрақтар қойылды.

Сұрақтарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұшымды жауаптар берілді.

Сұрақ-жауап барысында азаматтардың толықтай сауалдары қанағаттандырылды.

Жалпы азаматтарды жеке қабылдау барысында, олардың ойларын толықтай түсінуге, ашық түрде әңгіме жүргізе отырып, мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін арттыруға және  ішкі жан-дүниесін сезінуге мүмкіндік туады және қолдан келгенше қолдау көрсетіледі.

Қабылдауға келген және өтініш білдірген әр азаматтың мәселесін шешуге тырысамыз. Департаменттің құзырына кірмейтін сұрақтар болған жағдайда, дұрыс бағыт-бағдар беріледі.

Азаматтардың мемлекеттік органға шағымдануына байланысты, тиісті шаралар қабылдай отырып, заңды, объективті түрде қарастырып, қажет болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, мемлекеттік қызмет заңнамасы саласында анықталған фактілер де жоқ емес.

Азаматтардың мәселелерін қарау, оны шешу мақсатында, мемлекеттік органда әдеп жөніндегі уәкілдері де азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге консультациялар бере отырып, әдеп нормаларын түсіндіру және мемлекеттік қызмет саласы бойынша  қабылдау жүргізеді.

Олардың ұсынысы негізінде мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттік қызметшілер көтермеленіп отырады.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнамалар жүргізіліп тұрады.

Азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сай, бостандықтары, құқықтары және заңды мүдделері мемлекеттің мүддесінен жоғары тұратындығы басты назарда.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызметістері агенттігінің департаменті қашанда азаматтарды жеке қабылдауға, өтініштерін қарастыруға дайын және есігіміз әрдайым ашық.

Департамент басшылығының жеке қабылдауына келесі байланыс телефондары арқылы жазылуға болатының хабарлаймыз: 8 (727) 254-90-25.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша

Департаментінің мемлекеттік қызмет

Саласындағы бақылау басқармасының

Бас маманы Қошатаев Сәбит Рысбекұлы.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...