ҚР ӨҢІРЛЕРІНДЕ ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕРДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН МЕДИА ТРЕНЕРЛЕР ҮШІН ГРАНТТАР

«Медиа дамыту коры» корпоративтік қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылдың 16 мамырынан бастап медиа тренерлерге арналған гранттарға өтінім қабылдауды бастады.

Конкурсқа үкіметтік емес ұйымдар, жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Грантқа қатысушының өтінім бюджеті 5 000 000 теңгеден аспауы тиіс. Конкурсқа оқыту курстары мен тренингтер өткізуде тәжірибесі бар медиа саланың мамандары қатыса алады. Медиа тренерлерге арналған гранттар келесі тақырыптар бойынша беріледі:

1) аналитикалық журналистика;

2) медиаэтика;

3) ақпаратты толық зерттеу және сыни көзқараспен ұсыну.

Өтінім толтыру барысында әр қатысушы Қазақстанның бірнеше облысын таңдай алады, алайда грант алған жағдайда медиа маман курсты тек бір өңірде өткізеді және грант алушы тыңдаушылар тобының тізімін қордың келісімімен құрады. Оқыту практикалық сабақтарға бағытталып, офлайн форматта өткізілуі тиіс және қатысушылыр курс аяқталған кезде өздері жасаған медиа өнімдерді ұсынады. Медиа өнім дегеніміз — кезкелген форматтағы және жанрдағы журналистің жеке немесе бір шығармашылық топ болып құрылған медиа мамандардың материалы.

Гранттық бағдарламаға қатысу 2024 жылғы 16 мамырдан 30 маусымға дейін https://mdq.kz сайтында өтінім толтыру арқылы жүзеге асырылады.

Конкурс шарттары:

  1. Үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  2. БАҚ саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болу;
  3. Тиісті жоғары білімі болу;
  4. Сайттағы хабарландырумен танысу;
  5. Өтінім беру және сауалнаманы толтыру;
  6. Әрбір қатысушы бір ғана өтінім бере алады.

Құрметпен, «Медиа дамыту қоры» КҚ

grants.mdq@gmail.com

+7 775 8073893

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...