ҚАЖ Департаментінің №14 мекемесіне тыйым салынған заттардың ірі партиясын алып өтуге тырысты

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №14 мекемесіне тыйым салынған заттардың ірі партиясын алып өтуге тырысты. Көлік-өткізу пунктінде «О.Н.Телепнев» жеке кәсіпкерлікке тиесілі мекеменің асханасынан биологиялық қалдықтарды шығаруды жүзеге асырған автокөлікке тексеріс жұмыстары жүргізілді.

ҚАЖ қызметкерлерінің қырағылығының және автокөлік құралының шанағының тиімді тексерісінің арқасында эмульсия шелегінде таспамен оралған байлам табылды, сондай-ақ кэш тәріздес жасырылған қос түбі бар штатлевканың шелегі анықталды.

Тінту барысында түрлі маркалы 28 ұялы телефон, 20 зарядтағыш құрал, 17 зарядтағыш сымдары , 11 құлаққап, 3 электронды темекі, «Beeline» SIM картасы, 6 шыны 0.5 л. «Қазақстан» коньяк бөтелкесі, 3 шыны 0.5 л. виски бөтелкесі, жасыл түсті өсімдік тектес зат және ақ түсті ұнтақ зат табылды және тәркіленді.

«Бұл факт бойынша жедел-тергеу тобы шақырылып, ұсталған жүргізушінің жеке басы анықталды. Ер адамға қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция басқармасына берілді», — деп атап өтті ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...