Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінде сотталғандар 1941-1945 жыл аралығындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлері мен ардагерлерін еске алды.
Мереке қарсаңында сотталғандар арасында «Жеңіс Қаруы», «жеңіс біз үшін болады» тақырыбында макеттер, суреттер дайындауға конкурс жарияланды. Байқауда сотталғандар өздері жасаған «ИЛ-2 ұшағы», «БМ-13» т.б., зеңбіректер түрлерімен таныстырды.
Бағдарлама бір минуттық үнсіздіктен басталды, одан әрі салтанатты іс-шара өз жалғасын тауып сотталғандарға соғыс жылдарындағы бейнероликтер көрсетілді.
Концерт барысында «Катюша», «Смуглянка», «танктер далада гүрілдеді», «Жеңіс күні» атты соғыс жылдарындағы әндер орындалды.
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79-шы жылдығы қазақстандықтар үшін үлкен мереке. Аталған іс-шараны өткізу мақсатымыз сотталғандар арасында отанға деген патриоттық сезімдерін күшейту және жеңіс туралы естелігі ұрпақтан ұрпаққа жеткізу болыптабылады» — деп түсіндірді тәрбие жұмысы жөніндегі бастықтың орынбасары әділет майоры С. Ж. Қалдыбаев.



