7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай мерекелік шара өтті.
Салтанатты шараны Министр, полиция генерал-лейтенанты Е.Саденовтың құттықтау хатымен басталып, мекеме бастығы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы Өтетлеуов қылмыстық – атқару жүйесінде қызмет ететін барлық ер азаматтарға айтулы мереке қарсаңында жылы лебізін білдіріп, мекеме қызметкері Ә.Машхатұлы мен мекеменің режим бөлімінің жедел уәкілі М.Қазбековты мерекемен құттықтап, зейнеткерлікке шығарып салды.
«Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, қарулы күштеріміз құрылды. Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс — күймейсің!» деген сөздерінен ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойғанын байқайсың. Қай заманда болмасын ата — бабамыз от пен оққа оранып, жанын қиса да, арын сатпаған, бір сүйем жерін жау қолына ұстатпаған. Киелі өңіріміз талай батырлар мен оғландардың Отаны болғаны баршаға аян. Кешегі өткен Жалаңтөс Баһадүрді, Тәуке хан тұсында қол бастаған Текей батырды, Ұлы Отан соғысы жылдарында Тәйімбет Көмекбаев атамыздай батырларды дүниеге келтірген топырақтан, елі мен жері үшін жанын берер азаматтарымыз бүгінгі күні де аз емес. Бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген ұжымдастарыма алғысымды білдіремін», – деді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы Өтетлеуов.
Атаулы шара жас өнерпаздардың ән – биімен жалғасып, елеулі еңбегі үшін бірқатар қызметкерлер мекеме бастығының алғыс хатымен марапатталып, мерекелік сый тарту етілді.

«ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында өткен «Түркі әлемінің...

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...