12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Джи-джитсудан әлем чемпионы Тлеуметов Ерлан Канатович жазалы жасөспірмдермен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемеде ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру аясында спорттық кездесу ұйымдастырылды.  Джи-джитсудан 6 дүркін әлем чемпионы, 3 дүркін Азия чемпионы, Дүниежүзілік ойындардың чемпионы, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тлеумбетов Ерлан Канатович балалар колониясында жазасын өтеп жатқан жасөспірімдермен кездесті.

Ерлан Қанатұлы спорттық жолын 1996 жылы өзінің алғашқы және тұрақты жаттықтырушысы Қанат Тлеумбетовтің басшылығымен бастағанын, сондай-ақ қазіргі күнге дейін жеткен жетістіктері, бағындырған белестері туралы әңгімелеп берді.

Жастарды, әсересе, жасөспірімдерді жаман әдеттерден жирендіру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қоғамның кезек күттірмес ісі деп түсіндірді.

Ол өмір жолын баяндай отырып, жасөспірімдерді жаман әдеттерден алыс болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, қоғамға пайдасы тиер жақсы азаматтар болып шығуларына тілектестігін білдірді.

Іс шара соңында САӘПТЖБ бөлімінің бастығы әділет подполковнигі  Алма Бәзілбаева мейманға алғысын білдірді.

                                                                                    №11 мекеме Е.Жеңісхан

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...

Аумақтан тыс соттылық

         Аумақтан тыс соттылық турасында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне...

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп,...