12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ДӘРІГЕРЛЕР ЕРЛЕДІ

Биыл көктем елімізге жайлы болмады. Дегенмен, осынау қиын кезде кәсіби борышына адал бола білетін қызметкерлер су басқан аудандардың тұрғындарын медициналық көмексіз қалдырмай келеді. Мысалы, күні кеше Солтүстік Қазақстан облысында босанған үш әйелге Ақмола облысының дәрігерлері көмек көрсеткен.

Жас аналардың екеуі Айыртау өңірінен екен. Олар нәрестелерімен бірге көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылған. Аналар мен сәбилердің жағдайы жақсы, жуырда үйлеріне қайтуға дайындалуда. Ал Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданынан, жүктіліктің 28-аптасында шұғыл кесарь тілігін жасау қажеттілігіне байланысты Көкшетау қалалық санитарлық авиация желісімен алдырылған науқастың беті енді бері қарап келеді. Жас ананың құрсағында егіз сәбилер екен. Ұл баланың салмағы 930 грамм, ал қыздың салмағы 900 грамм. Екі нәресте де тыныс алу жолдарының ақауы және шала туылғандықтан салмағы өте төмен ауыр халде болған. Оқиға орнына шұғыл түрде Ақмола облысынан дәрігерлер – неонатолог Татьяна Юрьевна Шафигина мен медбике Марина Владимировна Черепашкова барған. Балалардың жағдайы тұрақтанғаннан кейін науқастарды көпсалалы облыстық аурухананың перинаталды орталығына жеткізген. Дәрігерлердің мұндай ынтымағы мен кәсіби шеберлігі өңірдегі медициналық көмектің жоғары деңгейін және төтенше жағдайлар кезінде келісілген іс-қимылдың маңыздылығын көрсетеді. Жалпы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының басқармалары арасында төтенше жағдайларға байланысты жедел медициналық көмек көрсету туралы келісім жасалған. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахилбековтың айтуынша, жалпы медициналық ұйымдардағы су тасқыны жағдайы бақылауда. Облыс бойынша барлығы 12 мың адамды құрайтын 268 эвакуациялық пункт дайындалған, оның ішінде Көкшетау қаласында 2500 адам қабылдайтын 22 эвакуациялық пункт бар. 16 сәуірге дейін 2 мың 766 адам қауіпсіз жерге көшірілген. «Эвакуацияланғандар немесе медициналық көмекке жүгінгендер арасында зардап шеккендер жоқ, эвакуациялау пункттерінде «Д» есебінде тұрған созылмалы аурулары бар адамдар негізгі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген және дәрігерлердің бақылауында. Эвакуациялық пункттердегі жағдай медициналық ұйымдардың бақылауында, қажет болған жағдайда медициналық пункттер орналастырылады», – деді Нұрлан Ахилбеков. Облыста барлығы 4 688 тәуліктік төсек бар, оның ішінде 95 ересек инфекциялық төсек, 105 балалар инфекциялық төсек. Жүкті әйелдер мен босанатын әйелдер үшін – 185 төсек, жүктілік патологиясы – 107 төсек, ересектерге – 148 төсек. Өңірге төтенше жағдайдан зардап шеккендер жаппай келген жағдайда қосымша 500 төсек орналастырылған. Барлық медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде. Басшылық мәліметінше қазіргі уақытта су басу қаупі бар денсаулық сақтау мекемелері жоқ. Жалпы, Ақмола облысында 88 жедел жәрдем бригадасы тәулік бойы жұмыс істеуде екен. Тіпті, су тасқынынан зардап шеккендерге медициналық-психологиялық көмек көрсету қажет болған жағдайда қалалық және аудандық емханалардың психологтары, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем қызметінің мамандары тартылған. Ал жолдардың толып кетуіне байланысты кіру мүмкіндігі жоқ елді мекендердің барлық медициналық ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеп, ай сайынғы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде.

Нұрбол ЖЫЛЫС, «Заң газеті»

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...

Аумақтан тыс соттылық

         Аумақтан тыс соттылық турасында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне...

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп,...