Сотталғандар диктант жазды

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД 37 мекемесіндегі жазасын өтеушілер «Бірлік,Жасампаздық» тақырыбында диктант жазды. Жазба жұмысын Шиелі аудандық кешкі мектеп мұғалімдері мен мекеменің тәрбие бөлімі ұйымдастырды. Кешкі мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Тұрманов жазасын өтеушілерді Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтап, мерекенің маңыздылығына тоқталды.

Бұл мерекенің мақсаты — ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті,ынтымақты, құндылықтарды  насихаттау деді. Іс-шара барысында бірлік, ынтымақ, достық туралы мақал — мәтелдер айтты. Одан соң диктант жұмысын жазды. Тәрбие бөлімінің қызметкері әділет аға лейтенанты Жандос Жахаевтың айтуынша қазіргі уақытта орта білімі жоқ 9 сотталған кешкі мектептен білім алуда. Оларға оқу кестесіне сәйкес күнделікті пән мұғалімдері сабақ беруде.Оқуды аяқтаған соң оларға орта білімі туралы аттестат беріледі, — дейді Ж.Жахаев.

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим акимата Наурызбайского района города Алматы даны разъяснения...

«ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында өткен «Түркі әлемінің...

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...