№37 мекемесінде дәстүрлі түрде ең жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі

Жыл сайын Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №37 мекемесінде дәстүрлі түрде ең жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Бұл 130-дан астам ұлт өкілі тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін қажетті достық, түсіністік пен келісім мерекесі.

Мекемеде жазасын өтеп жатқандардың арасында өзге ұлт өкілдері бар.Әрқайсысының ұлтына қарамастан олардың барлығы бір тату халық.

1 мамыр қарсаңында мекемеде жазасын өтеушілер арасында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шара барысында сотталғандар әр ұлттың киімін киіп, әндерін шырқап, би биледі. Бірі өзбек ұлтының,бірі грузин, татар ұлттарының биін нақышына келтіріп орындады. Қазіргі таңда мекемеде сотталғандар арасында өзге ұлт өкілдері грузин мен өзбек ұлты бар.
Бүгінгі шарада өз ұлтымның ұлттық киімін киіп, ән айтып, би билеп, керемет әсер алдым. Ұлтым өзбек, жаза басып жаңылып,жазамды өтеп жатырмын. Қазақ халқы қонақжай,көңілі дархан, қолында ғысын бөліп беруге дайын тұратын халық. Мереке сайын іс-шара өткізіп, жабырқау көңілімізді көтеріп, керемет кешті ұйымдастырған мекеменің тәрбие бөліміне алғысымыз шексіз,- деді сотталған азамат.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...