1 мамыр — Қазақстан халқы бірлігі күніне шығармашылық сайыс өтті

Халықаралық достық күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің психолог мамандары жазасын өтеуші әр ұлт өкілдері арасында шығармашылық сайыс өткізді. Шараның негізгі мақсаты – жаза мерзімін өтеуші түрлі ұлт өкілдері арасында достық қарым – қатынас орнату.

Бүгінгі сайыс барысында әр ұлт өкілінің өнерін тамашаладық. Қатысушылар өз ұлтын ерекше таныстырып, ән айтып, шығармашылық қоржынындағы өлеңдер жинағымен бөлісіп, өзге де ақын — жазушылардың жазған шумақтарын мәнерлеп оқыды. «Үздік» деп бірінің өнерін екіншісінен артық бағалау бізге қиынға соқты. Себебі, әр ұлт өкілінің өнері бір — бірінен өзгеше, — деді мекеме психологы Кульбаева Шынар.

Бұл сайысқа мен «Достық пен Бейбітшілік қатар ұғым» атты өз қаламымнан туған туындымды мәнерлеп оқып бердім. Ұйымдастырушы психолог мамандардың көңілінен шыққанына қуаныштымын. «…Талай ғасыр қанмен келген бейбітшілік, Ашық аспан астында кең тіршілік» деп өлеңімде жырлағандай, елімізде түрлі ұлт өкілі бейбіт өмір сүруде. Осындай жағдай жасап жатқан мемлекет басшысына алғысым шексіз, — деді жаза мерзімін өтеуші. Аталған шараға қатысқан түрлі ұлт өкілі өз өнерін ортаға салып, сайыс соңында үздік деп танылған қатысушылардың туындылары іріктелді.

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...