Велосипед ұрлаған азаматқа жаза өтеудің міндеттері түсіндірілді

Жуырда Қызылорда қалалық пробация есебіне алынған Р. есімді азаматқа пробация инспекторы әділет кіші лейтенанты Нүрзия Қыдырбекқызы, жаза өтеудің барысы, сот жүктеген міндеттерді орындау бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Бұл азамат бөтеннің мүлкін жымқыру ниетімен көршісінің үйінен  велосипед ұрлаған. Оған сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 2- бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Пробация инспекторы Нүрзия Қыдырбекқызы сотталған азаматқа пробация қызметіне айына екі рет тіркелуден бастап, түнгі мезгілде қоғамдық орындарға бармауды және күнделікті мекенжайынан тексеру жұмыстарын жүргізетіндігін және  жаза өтеу тәртібі мен шарттары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, жаза өтеу тәртібін орындамаған  жағдайда шара көрілетіндігін айтып өтті. Сондай-ақ жеке басы зерделеніп, жұмыссыз екендігі анықталып, жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде.  

«Ұрлық түбі — қорлық» екендігін біле тұра осылай жасадым. Өкінем, ақша табуүшін, ұрлап сатқым келді, арты жақсылыққа апармайтынын білсем де. Енді жазамды өтеп жатырмын. Жаза өтеудің міндеттерін түсіндірді. Ендігі жерде жұмысқа орналасып, адал еңбекпен табыс тапсам деймін,-деді сотталған азамат.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...