Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары жалғасуда

           Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның аумақтық департаменттерінің функцияларына мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу, олардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша тексеру жүргізу кіреді.

           Бұл ретте, аталған фунцияларды жүзеге асыру үшін Агенттікпен мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспар бекітілген болатын.

           Аталған жоспарға сәйкес, бүгін Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаментімен Алматы қаласы мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметі және әдеп жөніндегі уәкілдерімен сыйлықақы мен бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету кезінде құқықтардың сақталу мәселесі бойынша жүргізілген талдау нәтижелері қарастырылып, бұзушылықтардың алдын алу мақсатында семинар-тренинг өткізілді.

           Күн тәртібінің екінші мәселесі болып, жұмыс уақытының сақталуына және қашықтықтан жұмыс істеу мәселелері бойынша жүргізілген талдау қорытындылары жеткізілді.

           Талдауға сәйкес, Департаментпен Алматы қаласының мемлекеттік органдарына бару арқылы және қашықтықтан жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша мониторинг жүргізу барысында 2023 жылдың 2 жарты жылдығы бойынша 39, ал 2024 жылдың 1 тоқсанында 35 мемлекеттік қызметшіге тынығу уақыты беріле отырып құқықтары қалпына келтірілді.

           Ұймдастырылған семинар кеңесте мемлекетік қызметшілердің үстеме жұмысқа тарту кезіндегі құқықтарын сақталуына мемлекеттік органдардың әдеп жөніңдегі уәкілдерін қызметінің орны ерекше екендігі ескертілді.

           Сондай-ақ, Департаментпен талдау барысында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

           Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп құқық бұзушылықтардың орын алуына жол бермеу және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер бойынша түсіндірме берілді және әдеп жөніңдегі уәкілдерге аталған бағытта жұмыстарды жандандыру ұсынылды.

           Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында мемлекеттік органдардың арасында түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша Департаментінің

Мемлекеттік қызмет саласындағы
бақылау басқармасының басшысы

Н. Узбеханов

Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі

Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталық (ҰТО) «Елді мекендердің...

Большинство казахстанцев заметили улучшения условий жизни за последние три года – исследование НАЦ

Национальный аналитический центр (НАЦ) при Назарбаев Университете представил итоги...

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим акимата Наурызбайского района города Алматы даны разъяснения...

«ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында өткен «Түркі әлемінің...

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...