Заңды өкіліне жасөспірімнің түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін айыппұл салынды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай – ӘҚБтК) 442-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша азаматша С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.             

Іс материалдарына сәйкес, Тараз қаласының тұрғыны азаматша С.-нің жасы кәмелетке толмаған ұлы М. заңды өкілінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде жүрген жерінен полиция қызметкерлерімен ұсталған. Өз кезегінде М.-ның жасы 16-ға толмағандықтан, оның заңды өкілі азаматша С.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, кәмелетке толмаған ұлының заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттері сотта іске тіркелген құжаттармен толық расталған.

ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жасалынған құқық бұзушылық үшін жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Сот қаулысымен азаматша С. ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, алайда жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, айыппұл сомасы 30%-ға төмендетіліп, ол 18 090 (он сегіз мың тоқсан) теңгені құрады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...