12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ

Мемлекеттік басқару органдары мен билік қызметінің түрлі салаларындағы сыбайлас жемқорлық күрделі мәселесі бүгінгі таңда жаһандық сипатқа ие болды. Сыбайлас жемқорлық кез келген елдің ең күрделі әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселесі болып табылады.
Азаматтардың көпшілігі нығайған билікті жемқорлық ауруына қарсы рецепт ретінде қарастырып, саяси ерік-жігері болған жағдайда бұл құбылысты бірден жеңуге қабілетті деп санайтынын атап өтуге болады. Бұл ретте, мықты мемлекетке үміттене отырып, көбі азаматтық қоғам институттары арқылы жағдайға әсер ете алатынына сенбей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысу мүмкіндігін қарастырмайды.

Әлемдік ауқымдағы осы қылмыстық құқық мәселесінің айқын мысалы 1999 жылғы 27 қаңтарда қабылданған «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» Еуропа кеңесінің конвенциясын қабылдау болып табылады. Республикамызда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы бар. Біршама ғылыми-қолданбалы зерттеулердің нәтижелері, мемлекеттің азаматтардың өздері де, азаматтық қоғам институттарының белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлық деңгейін жалғыз өзі төмендете алмайтынын көрсетеді, және бұл негізінен мүмкін емес.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әлемдегі жетекші орындардың бірінде екенін мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте кедендік-тарифтік реттеудің, тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының, Еуразия экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының бірқатар шаралары қабылдануда.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, түрлі мемлекеттік бағдарламаларды, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылық көзделгені баршамызға айдан анық. Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі қаланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды, қаржылық бақылауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді, кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр адамның міндеті мен борышы екендігін, сыбайлас жемқорлықтың біздің мемлекетімізбен демократиямызға нұқсан келтіретіндігін, сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасалу керектігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуы қажеттігін, әрбір мемлекеттік қызметші тек өз іс-әрекеттері үшін жауапты емес, сондай-ақ тұтастай ұжымның жұмысы үшін де жауапты.

​Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының

бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Толғанай Әмір

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп,...

Код рода: возвращение к корням

ЕСЛИ БЫТЬ ЧЕСТНЫМ, КАЗАХСКИЙ НАРОД НИКОГДА НЕ РАССМАТРИВАЛ РОДСТВО...

Итоги работы Кассационного суда по гражданским делам

С 1 июля 2025 года в Казахстане начал работу...