Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде ағымдағы жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде департамент бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлының төрағалығымен жедел кеңес өтті. Жедел кеңеске жеке құрам қызметкерлері, мекеме басшылары және пробация қызметінің бастықтары және РМК «Еңбек-Қызылорда » филиалы директоры С.Кенжебеков қатысты. Жедел кеңесті әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы ашып, ҚАЖ қызметкерлерінің арасындағы тәртіптің, заңдылықтың сақталуына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі, ҚАЖ имиджін арттыруда атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қоса сотталғандардың құқықтарының сақталуы, сотталған азаматтардың жұмыспен қамтылуы, оларға көрсетілетін медициналық көмектің көрсетілуі және тылмен, қаржымен қамтамасыз ету және пробация қызметтері бойынша қайта қылмыстың алдын алуда атқарылған жұмыстар мен кемшіліктерді де атап өтті.

Жедел кеңесті қорытындылаған департамент бастығы ҚАЖ мекемелерінде алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізу, сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың жолын кесу бойынша жұмысты жандандыруды және олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізуді, тапсырды. Аудандық және қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқаруды және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстардың жүргізілуіне нақты тапсырмалар берді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...