ҚАЖ департаменті бастығының қатысуымен I тоқсан қорытындыланды

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ  департаментінің бастығы, әділет полковнигі  Есенкелдиев Шаймерден Тәжікқұлұлы №68 мекемесінде  Жедел кеңес өткізіп,  ағымдағы жылдың I тоқсанын қорытындылады.

Жедел кеңеске мекеме басшылары мен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Жедел кеңесті ашқан әділет полковнигі Шәймерден Тәжікқұлұлы ІІМ Алқа отырысында қойылған негізгі талаптар мен тапсырмаларды жеке құрамның назарына жеткізді. Ал, мекеменің жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары туралы мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Әмірбек Азамат Темірбекұлы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында, ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды өткізу дерегі, тінту жұмыстары және жазасын өтеушілермен өткізілген тәрбиелік шаралар, түзеу мекемесінен босатылған, жаза мерзімі қысқартылған сотталғандар туралы айтып өтті. Сондай-ақ департаменттің жеке құрамы арасындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі, атқарылған жұмыстары мен ҚАЖ имиджін арттыру бағытында БАҚ беттеріне жарияланған ақпараттар жөнінде баяндады.

Кеңес соңында департамент басшысы мекеме бастығы мен орынбасарына сондай-ақ, бөлім басшыларына біршама тапсырмалар беріп, қатаң қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар, жеке құрам қызметкерлері арасында қызметтерін адал атқарып, еңбек сіңіріп жүрген қызметкерлерді марапаттау санын көбейтуді айтты.

ҚазҰУ түлектері — ел дамуының сенімді тірегі

Қазіргі қоғамда жоғары білім тек кәсіби дағды қалыптастыру құралы...

Тіл болашақ кепілі

“Болашақ - білімді жастар қолында» деген сөз жастайымыздан біздің...

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...