«Өмір құндылықтары» тақырыбында тренинг өтті

Бүгін ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымекн жазасын өтеушілерге арналған «Өмір құндылықтары» тақырыбында тренинг өтті. Тренингті Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының психологы Зарина Бисекова жүргізді.

Тренинг мақсаты- жазасын өтеушілер арасында  психологиялық ахуал орната отырып, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгерту.
Тренинг барысында адам үшін өмірдің құндылығын, оның қымбат екендігі жөнінде мағлұматтар беріліп,  әр адамның  тағдыры  өздерінің  қолдарында екендігі түсіндіріліп, “Менің өмірлік мақсатым”, «Жүрек тыныштығы» жаттығуларын қызығушылықпен орындап, сотталғандар белсенділік танытты. Жазасын өтеушілер  тренингте қойылған сұрақтарға жауап беріп, өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес екендігін ұғынуға мүмкіндік ала алды.

«Бүгінгі өткізілген тренингте өмірге деген қызығушылығымыз оянды. Өзіме деген сенімділік пайда болды. Жаза басып, жаңылып, бостандықтың қадірін түсініп жатырмын. Біз секілді азаматтарға осындай тренингтердің берері мол. Сергіп, ойымызды ашық айтып, психолог маманнан кеңес алдық. Ұйымдастырушыларға алғымысыз шексіз,-дейді сотталған азамат

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...