12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандар арасында ұлттық ойын ұлықталды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы ҚАЖД қарасты Келес аудандық пробация қызметінде ұлттық ойындар ұлықталды. Аудандық пробация қызметінің қызметкерлері мен есепте тұратын сотталғандар тоғызқұмалақтан, арқан тарту, гір көтеру, шашкадан жарысқа қатысты.

«Тоғызқұмалақ» ойынының тарихы 4000 жыл бұрын басталған. Ойын жоғары интеллектуалды спорт түрлеріне жатады. Республикамыздың әр түкпірінен табылған, тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де ойынның ертеде пайда болғанынан хабар береді. Жалпы «Тоғыз­құмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді және бабаларымыздың осал адамдар болмағанына көз жеткізеді. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады. Ойын мақсаты — ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап жеңіске жету.

Күні бүгінге дейн Келес аудандық пробация қызметінде салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық салт дәстүрді ұстану мақсатында «Тоғызқұмалақ» ойыны қолдау табуда. Дәстүрлі шара достық қарым-қатынасты нығайту мен есепте тұрғандардың спорт шеберлігін шыңдауға бағытталып отыр.

Өте қызықты, бәсекелестік тұрғыда ұйымдастырылған ойын шарты екі турдан тұрды. Жарыстың ашылу салтанатында Келес аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Әшірбаев сөз сөйлеп, ұлттық ойынның есепте тұрғандардың тәрбиесінде, ұлттардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде ерекше феномен екенін атап өтті.

Ұрпақ тәрбиесінде өзіндік орнын айшықтап келетін қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны бүгінде жастар арасында белең алып келеді. Сондықтан да осы ойынды пробация қызметінің есебінде тұраттын азаматтар арасында ойнатуды жөн санадық. Пробация есебінде тұратын сотталғандар арасында қлттық құндылықты насихаттау мақсатында осындай спорттық сайыстар ұйымдастырып тұрамыз, — деді ол.

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған арасында мұндай спорттық шара жиі ұйымдастырылып тқрады. Мұндай шара сотталғандардың уақытын тиімді пайдалануына септігін тигізеді.

Мен тоғызқұмалақ ойнағанды ұнатамын. Аталған спорттық жарыс әділ әрі қызықты өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында пробация қызметінің қызметкерлері әртүрлі спорттық, психологиялық және тағы да басқа шараларға қатыстырады. Осындай шаралардан көптеген жақсы дүниелер үйрендім. Өзімнің жасаған қателігім үшін өкінемін. Болашақта, ондай қателікке жол бермеуге тырысамын. Жақсы маман иесі болуды армандаймын, — деді сотталған Жақсылық.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған ойын өз мәресіне жеттті. Төрешілердің шешімімен орындар тағайындалып, жеңімпаздар анықталды. Барша жеңімпаздарға арнайы дипломы мен сыйлықтар табысталды.

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...