12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СҮЗГІ ШЫҒАРАТЫН СЕРІКТЕСТІК

Бүгінде кәсіп ашып, жұртты жұмысқа тарта білгенге мемлекет қолдауын аямай-ақ келеді. Оның үстіне, шығарған өнімі бәсекеге қабілетті, экспортқа оңтайлы болса тіптен құба-құп. Расымен де экспорттан гөрі импорттауға бейім біздің елде кейінгі жылдары соны өзгеріс көп. Өзімізге қажетті затты өндіріп қана қоймай, өзге елдерге сатылымға шығаруда да ілгері қадам бар. 

Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласында өнеркәсіптік сүзгілерді шығаратын «Азияфильтр» деп аталатын кәсіпорын жұмыс істейді. Құрылғанына бес жыл болған өндіріс орнының өнімдері үлкен сұранысқа ие. Себебі біреу-ақ. Басқа аймақтарда дәл мұндай кәсіпорын жоқ. Құрыла салысымен кәсіпорын өзі шығаратын өнімнің қыр-сырын зерттеп, нарыққа не қажет, не қажет емесін қарап, әбден меңгеріп алған. Ал мамандардың айтуынша, мұндағы заттар әлемдік өнімдерден бір мысқал да кем емес. Иә, серіктестіктің басты өнімі – сүзгі. Төрт бағытта шығарылатын бұл тауарды елдегі ауруханалардан бастап, ірі өндіріс ошақтары сатып алып жүр. Компанияның ауадағы шаң-тозаңды тазартып, желдететін сүзгілері қазір Беларусь, Қытай, Ресей кәсіпорындарымен кәдімгідей бәсекеде тұр. Ал аталған елдердің мұндай өнім шығаруда көп жылдан бері еңбек етіп келетінін ескерсек, отандық өнімнің сапасы айтпаса да түсінікті шығар. Кәсіпорын құрылтайшысы Индира Нұрланның айтуынша, дәл осы өндірісті өзге де облыстардан ашу туралы ұсыныстар болыпты. Бірақ кәсіпкер өз туған жерінен алғашқы бастамасын бастаған. Айтпақшы, Индира өндірісті қолға алмай тұрып, Польшада магистратурада оқып жүргенінде дәл осындай компанияда жұмыс істеген. Шетелдіктерден жұмыс технологиясын әбден меңгерген қазақ қызы өндірістік сүзгінің қалай өндірілетінін, мұның Қазақстанға қажеттілігін, кәсіпорын ашылса, өнімді сату жағы қалай болады деген тетіктердің барлығын санадан өткізіпті. Туған елге қайтып, өзіне ұнаған осы шетелдік кәсіпорын басшылығымен қайта хабарласады. Осылайша Қазақстанда өкілдік ашу туралы ұсынысын жеткізген. Қош, алдымен біздің кейіпкеріміз еуропалық өнімдерді ел шеңберінде насихаттауды қолға алады.

Таңқаларлығы сол, сұраныс деңгейі жоғары. Сүзгілердің қаншалықты керек екенін білген Индира 2019 жылы осы кәсіпорынды ашуға анық бел байлайды. Бір қызығы, мемлекеттік ешқандай бағдарламаға қатысып, көмек те алмаған. Қалтасындағы бар қаражатын жиып, тәуекелмен бизнеске қадам басады. Ал «Азияфильтр» серіктестігінің техникалық директоры Медіғат Ыбыраевтың сөзінше, мұнда сүзгінің ондаған түрі шығады. Олар – желдету жүйелері, өндірістік кәсіпорындарға арналған ауқымды сүзгілер. Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын сұйықтықты да сүзуге пайдаланады. Сондай-ақ, кәсіпорын барлық өнімнің сапасына кепілдік береді. Шетелден тек арнайы техникалық мата ғана келсе, қалған өнім дайындауға қажеттінің бәрі – Қазақстаннан алынады. Кәсіпорынға тапсырыс бе — рушілердің қатарында «Қазақмырыш» серіктестігі, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы сияқты ірі отандық компаниялар бар. Жалпы «Азияфильтр» құрылым дегенше қазіргі тұтынушылардың барлығы шетелдің өнімін пайдаланыпты. Бір жақсысы, отандық сүзгілердің бағасы сырттан тасымалданатын импорттық өнімдерден бірнеше есе арзан. Тұтынушыға да ыңғайлы. Әртүрлі параметрді қажет етсе, қалаған көлемінде жасап береді. Ал дайын өнімді жеткізу, оған кететін уақыт шығыны әжептеуір қысқарған. Мысалы, бұған дейін шетелден тапсырысты 2-3 айлап күтсеңіз, бұл кәсіпорын ары кеткенде 3-4 аптаның ішінде алған бұйымыңызды қолыңызға ұстата қояды. Қазір Қырғызстан, Өзбекстан секілді көрші мемлекеттер ақмолалық серіктестіктің өнімін сатып алып келеді. Тағы бір жаңалық, кәсіпорын алдағы уақытта көрші Өзбекстаннан филиал ашуды жоспарлап отыр. Бүгінде 30-дан астам жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтыған кәсіпорында жалақы – 180 мың теңге. Қызметкерлері де ұдайы шетелге шығып, тәжірибелік курстан өтіп тұрады. Жаңа технологияны зерттеп, заманауи соңғы жаңалықтарды өндіріске енгізу – «Азияфильтр» кәсіпорынның басты назарында.

Сонымен қатар, алдағы уақытта өндірістегі жұмыс процесі толық автоматтандырылады. Жаңа құрал-жабдықтар әкеліп, қол күші азайғанымен, қызметкерлер жұмыстан қысқармайды. Өйткені, сүзгінің әлем бойынша 50-ден астам түрі бар екен. Кәсіпорын осы бағытта да жұмыс істеп, өнімін көптеген елге экспорттауды жоспарға енгізген. Елде жаңа өндіріс ошағы ашылғаннан кейін жаңа жұмыс орындары пайда болып, ел тұрмысына оң әсер ететінін жоғарыда айттық. Оның үстіне бюджет қазаны да қыруар салықпен көбейе түседі. Бүгінде кәсіпорын Ақмола облысы, Бурабай ауданындағы қомақты салық төлейтін өндіріс ошақтарының бірі болып отыр.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...