Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы ішкі қызмет полковнигі Жаңаөмір Жамалиевке барды

Тәлімгерлік институты, тәжірибесі төмен немесе мүлдем жоқ жас мамандарды қолдау және қызмет барысындағы оның кәсіби даму ресурсын жоғарылату, оған тәлімгер болып тағайындалған қызметтік тәжірибесі мол қызметкердің қолдау көрсетуі, мақсаттарын жүзеге асырады.
Бұл, басшы құрам мен тәжірибелі қызметкерлердің ішкі істер органдарындағы қызметке жаңадан келген жас мамандарға өз қызметтік міндеттерін өз бетінше тиімді және сапалы орындауын дайындаудағы мақсатты бағытталған жұмыстар болып табылады.
Тәлімгерлік- жас қызметкерлердің кәсіби бейімделуі мен білімін шыңдаудағы тиімді әдіс ретінде жылдан жылға үрдіс табуда.
Осы қалыптасқан дәстүрлі кәсіби сабақтастық Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті #64 мекемесінде жалғасын табуда. #64 мекеме кадр қызметі бастамасымен ай сайын тәлімгерлік институттың жұмысын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Осы орайда, ағымдағы жылдың сәуір айында Қостанай қаласындағы алғашқы кәсіби даярлық курсын оқып келген жас қызметкерлердің Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерімен кездесуі ұйымдастырылды.
Атап айтсақ, кадр қызметкерлерінің жетекшілігімен мекеменің жас қызметкерлері Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы ішкі қызмет полковнигі Жамалиев Жаңаөмір Кенжебайұлының тұрғылықты мекен жайына барып, көпті көрген ардагердің өнегелі ойлары мен насихатын тыңдап қайтты. Ардагердің қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарған жылдардағы тәжірибесімен айтылған қызықты оқиғалар жөніндегі әңгімелері, жас қызметкерлердің көкейінде жүрген өзекті сұрақтарға жауап болғандай болды. Кездесу соңында, жас мамандар өздерінің ішкі істер органдарындағы қызметке деген жігерлерінің айтқанын айтып, әрқашан ардагерлерге қол ұшын беруге дайындықтарын жеткізді.
Жалпы, тәлімгерлік туралы айта келе, “Тәлімгер-бұл, қызметін жаңа бастап жатырған жас қызметкердің кәсіби дағдыларын дамытуға, оның маңызды шешімдерді қабылдауына және карьерасындағы басты белестерді бағындыра көмек беруші адам” деген тұжырым туындайды. Аталған жұмыстардың белсендігін арттыру кадр қызметіндегі басты бағыттардың біріне айналуы қажет екендігі сөзсіз.

Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі

Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталық (ҰТО) «Елді мекендердің...

Большинство казахстанцев заметили улучшения условий жизни за последние три года – исследование НАЦ

Национальный аналитический центр (НАЦ) при Назарбаев Университете представил итоги...

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим акимата Наурызбайского района города Алматы даны разъяснения...

«ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында өткен «Түркі әлемінің...

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...