Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті: жедел кеңес өтті

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің және Астана қаласы Полиция департаментінің қызметтерімен бірлескен жедел кеңесі өтті

2024 жылғы 09 сәуірде Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция департаментімен өзара іс-қимыл жасасу кезіндегі 2024 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша Астана қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция  қызметі басқармасымен Криминалдық полиция басқармалары және олардың  «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр», «Нұра»,   аудандары полиция бөлімдерінің өкілдерімен ҚР ІІМ-нің 18.08.2014 жылғы № 517-ші бұйрығына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында жедел кеңес өткізілді.

Жедел кеңестің мақсаты жазасын өтеуден жалтарған сотталғандарға іздеу жариялауды жүзеге асыру бөлігінде ІІБ криминалдық полиция бөліністерімен Пробация қызметінің өзара іс-қимылын жақсарту бойынша одан әрі шаралар қабылдау және Пробация қызметінің есебінде тұратын, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан қайта қылмыс жасаудың алдын алу бойынша қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде жұмысты жандандырудың тәсілдері туралы сөз қозғалып, ұтымды шешімдер қабылданды.

Атқарылған жұмыстардың арқасында, Астана қаласы бойынша ҚАЖД аумақтық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен жасалған қайта қылмыс саны өткен жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда қылмыстын азайған байқалады.

Осыған орай, өңірде жедел жағдайды тұрақтандыруға, қайта қылмыс жасаудың алдын алуға, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, әкімшілік қадағалауда тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған пробациялық бақылау орнатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға бағытталған бірлескен жұмыстарды бұдан әріде жалғастыру туралы шешімге келді.

Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі

Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталық (ҰТО) «Елді мекендердің...

Большинство казахстанцев заметили улучшения условий жизни за последние три года – исследование НАЦ

Национальный аналитический центр (НАЦ) при Назарбаев Университете представил итоги...

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим акимата Наурызбайского района города Алматы даны разъяснения...

«ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында өткен «Түркі әлемінің...

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...