Бизнес басшылары елорда колониясына келді

​РМК «Енбек-Аршалы» филиалындағы объектілерде жұмыс орындарын ұлғайту бойынша «Пилоттық жоба» аясында Аршалы ауданының прокуроры Ж.Ә Бақтияров, прокурордың орынбасары А.Б Сулейменова, «Енбек-Аршалы» филиалы директоры А.Ә Бақтыбаев №2 мекеме әкімшілігімен бірлесіп мекеме аумағында кәсіпкерлік ашуға қызығушылық танытқан жеке кәсіпкерлерге өндірістік орындармен таныстыру шарасын жүргізді. Бизнес өкілдері РМК «Енбек-Аршалы» филиалындағы өндірістермен, кіші және орта бизнес субъектілерінің өндірістік кезеңін аралап шықты.
Таныстыру шарасының басты мақсаты, мекемеде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан сотталғандарды еңбекпен қамтып өндірістік қуаттылықты арттыру сұрақтарын қарастыру.
Сонымен қатар, РМК «Енбек-Аршалы» филиалының өндірістік аймағындағы бос үй-жайларды болашақта кіші және орта бизнес өкілдеріне жеке кәсіпкерлерін жүргізу үшін жалға беру сұрақтары қарастырылды.
​«Бүгінгі таңда мекеменің маңызды мақсаты «Еңбек-Аршалы» филиалындағы өндірістік қуаттылықты арттырып, сотталғандарды ақылы еңбекпен қамтамасыз ету үшін бизнес өкілдерін шақыру болып табылатын», — Аршалы ауданы прокуроры Ж.Бақтияров атап өтті.

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....

Ата-ана құқықтары мен міндеттері

Отбасы қоғамның негізгі әлеуметтік институты болып табылады. Әрбір баланың...

Қылмыс және жаза тағайындау

Сот қылмыстың ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын, қылмыстың қайталануын...

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...