Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде сенбілік өтті

Таза ауа – жанға дауа. Осы  ұстанымды ұстанған Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінің бастығы подполковник Мақсұт Өтетлеуовтың бастамасымен мекеме қызметкерлері сенбілікке бір кісідей қатысып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Тазалық шарасы барысында мекеме аумағы қоқыстан тазартылып, ағаш түбін қопсытып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді.

  • Мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлермен қатар жазасын өтеп жатқан жақындарына келетін адам саны жетерлік. Сондықтан, егілген ағаштарымыз көгеріп, болашақта таза ауа беретініне сенімдіміз. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен әріптестеріміз бүгін осы мақсатта нәтижелі жұмыс жасады,- деді мекеме бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтетлеуов.

Бұл тазалық жұмыстары алдағы уақытта мекеме аумағындағы тазалықты сақтау мақсатында жүйелі түрде жүргізілетін болады.

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...

Мемлекеттік сатып алу санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Мемлекеттік сатып алу – ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі...

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 25 жыл

2026 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық...

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырған цифрлық сервис

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің сапасын...