Қызылордада пробация есебінде он бес сотталғанға қайырымдылық көмек берілді

Пробация есебіндегі тұлғаларға әлеуметтік, құқықтық, медициналық көмектер үздіксіз көрсетілуде. Жуырда Сырдария Нұрдария қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі пробация қызметінің есебіндегі 15 азаматқа азық түлік түрінде қайрымдылық көмек көрсетілді.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау білдіру, көмек көрсету біздің жұмысымыз. Есептегі азаматтар арасынан әлеуметтік көмекті қажет ететін сотталғандардың тізімін жасаймыз. Жеке кәсіпкерлер тарапынан да қайырымдылық көмектер беріледі. Қазіргі таңда аудандық пробация есебінде 50-ден астам азамат есепте тұр. Осы азаматтардың қайта қылмыс жасамауының алдын алып, олармен күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргіземіз,- деді аудандаық пробация қызметінің инспекторы әділет майоры Нұрхан Дүйсенбаев.
Өз кезегінде көмек алған азаматтар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, қызметтеріне абырой тіледі.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...