Жеке құрам жаздық киім үлгісіне көшті

Бүгін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде мекеме бастығы подполковник Мақсұт Өтетлеуовтың қатысуымен саптық тексеріс өтті. Саптық тексеріс барысында қызметкерлердің сыртқы көрінісі – оның белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілді.

Саптық тексерісті кадр саясаты тобының бастығы Гүлмира Алтынбек жүргізіп, қызметкерлердің жазғы киім үлгісін киюге көшу дайындығы, жеке құрамның қызметтік куәліктерінің, төсбелгілерінің және нысанды киім элементтерінің түгелдігіне көз жеткізілді.

Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы қызметкерлері үшін ауа-райы климаттық жағдайлар мен маусымды ескере отырып, киім нысаны белгіленген. Сипаттамасы, айыру белгілері, кию тәртібі мен нысанды киімммен қамтамасыз ету нормасы ҚР заңнамасымен белгіленген. Нақтырақ айтсақ, ҚР ІІО ішкі қызмет Жарғысының бекіту туралы 2013 жылғы 01 сәуіріндегі № 213 бұйрығын және ҚР ІІМ – нің ҚАЖ комитетінің нұсқаулығына сай, бүгін мекеменің жеке құрамы жазғы киім үлгісіне көшті, — деді әділет майоры Гүлмира Алтынбек.

Саптық тексеріс нәтижесінде мекеменің жеке құрамы жазғы киім үлгісіне толықтай дайындығы анықталды.

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....