Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы кейбір мәселелері бойынша

Сұрақ: Қазіргі таңда мемлекеттік аппаратты бюрокатиядан арылту мәселелері бойынша талдау жүргізудің ерекшеліктері және мақсаты не болып табылады?

Жауап: Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша талдау мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың санаулы тобына қатысты жүзеге асырылады.

Талдаудың мақсаты мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру және бюрократиялық рәсімдерді еңсеру жөніндегі шараларды әзірлеу болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін талдау барысында:

1) лауазымды адамдардың және мемлекеттік органдардың қайталанатын және артық міндеттерін, функцияларын, сондай-ақ өкілеттіктерін, құзыреттерін, құқықтары мен міндеттерін;

2) артық, шектен тыс, негізсіз талаптарды және (немесе) шығындарды;

3) алдамшы, жалған және негізсіз, оның ішінде әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты қызметті;

4) құқықтық актілердің, ақпараттық жүйелер мен ресурстардың, сондайақ басқарушылық қызметтегі олқылықтардың орнын толтыруға және кемшіліктерін жетілдірудегі кедергілерді;

5) кедергілер мен қиындықтар, сол сияқты араласу, бюрократиядан арылту жөніндегі шараларды орындамау немесе тиісті деңгейде орындамау, сондай-ақ енжар мінез-құлық пен бастаманың болмауын тудыратын себептер мен жағдайларды жою жөніндегі міндеттер қойылады.

Сұрақ: Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша Сіздің мекемеңізбен қандай салалар бойынша талдаулар жүргізілді?

Жауап: 2023 жылы Департамент мемлекеттік аппараты бюрократиядан арылту бойынша  келесі салалар бойынша талдау жұмыстары жүргізілді:

қаржы саласы бойынша Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің ережелерінде ұсынылған 108 функцияға талдау жасалды. Атап айтқанда, салық саясаты, кеден ісін, салықтық және кедендік әкімшілендіруді мемлекеттік реттеу мәселелері қамтылды. Нәтижесінде, 49 ұсыныс дайындалып, Агенттікке жолданды;

— стандарттау  саласы бойынша уәкілетті орган – ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитеті және стандарттау жөніндегі Ұлттық орган болып табылатын – Қазақстандық стандарттау және метрология институтының бірқатар функциялары талданды. Талдау қорытындысы бойынша Департаментпен 15 ұсыныс дайындалып, Агенттікке жолданды.

жер саласындағы мемлекеттік аппаратты бюрокатиядан арылту бойынша жергілікті және орталық органдардың функцияларына талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша Департаментпен 16 ұсыныс дайындалып, Агенттікке жолданды.

экология саласындағы мемлекеттік аппаратты бюрокатиядан арылту бойынша бірқатар мемлекеттік органдардың функцияларына талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша Департаментпен 12 ұсыныс дайындалып, Агенттікке жолданды.

Бүгінді таңда, Департаментпен бұл бағыт бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сұрақ: Талдау жұмыстарына кімдер қатыстырылады және талдаудағы мәлімет қандай ақпаратты қамтиды?

Жауап:Талдау жұмыстарын Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлері жүргізеді. Қажет болған жағдайда таладау жұмыстарына әр түрлі саладағы мамандар мен сарапшылар жұмылдырылады.

Талдау жұмыстары ең алдымен зерттеліп жатқан сала бойынша негізгі деректер, яғни статистикалық мәліметтер, халықаралық тәжірибие, өзекті мәселелер мен оның шешу жолдары  қамтылады.

Бұл үшін талдау субъектілері жұмыс орнын, талданатын кезеңдегі құжаттар мен ақпаратты, сондай-ақ туындаған барлық мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелерді қоса алғанда, Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне қажетті жағдайларды жасайды.

Сұрақ: Алдағы уақытта, қандай сала бойынша және қандай мекемелерде талдау жұмыстары жүргізіледі?

Жауап: Талдаудың кестесі Агенттікпен дайындалып, аумақтық Департаментке тапсырма ретінде жолданады. Осыған байланысты, кәзіргі таңда тасмалдау және өнеркәсіп және құрылыс саласы бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде.

Сұрақ: Мониторинг пен талдау жүргізудің ерекшеліктері қандай?

Жауап: Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша мониторинг мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына бармай-ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің мәліметтеріне не жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат пен ресурстарға қашықтықтан қол жеткізу арқылы үздіксіз негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша талдау мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың санаулы тобына қатысты жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, талдау нәтижелері Агенттіктің ұйымдастырылатын жиындарда талқыланады. Жиынға тиісті сала бойынша комитеттер мен министрдің өкілдері қатысады.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Ш. Әлімхан

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...