12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Колледждің кәмелетке толмаған жасөспірім студенттері сотқа келіп кетті

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, сот әкімшісінің басшысы Ж.Шыршықбаевтың бастамасымен Тараз теміржол көлік және коммуникациялар колледжінің 1 курс кәмелетке толмаған студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Ж.Шыршықбаев кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын алу бойынша баяндама жасап, студенттермен осы тақырыпта әңгіме жүргізіп, сотқа түскен істердің барлығы электронды форматта қабылданып, істер аудио-бейне жазба құрылғыларымен жабдықталған сот залдарында қаралатынын айтты. Сонымен қатар, ол студенттердің өтініші бойынша жиналғандарды 2023 жылы сотпен қаралған қылмыстық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерімен таныстырды.

Ж.Шыршықбаев кәмелетке толмаған жасөспірімнің түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз үйден тыс жерде болуы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы – заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғатынын ерекше атап өтті.    Сондай-ақ, ол барлық қатысушыларды құқық бұзушылық пен қылмыс жасамауға шақырып, өйткені бұл олардың болашағына кері әсер ететінін айтты.

Кездесу соңында Ж.Шыршықбаев студенттер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, соттың сот залдарына экскурсия жүргізіп, студенттер өз кезегінде алдағы уақытта да осындай кездесулерді өткізуді қолдайтындықтары жайлы жеткізді.

Өз тілшіміз

Право на свободу ведения предпринимательской деятельности не освобождает от ответственности за коррупцию

Парламент принял Закон, снимающий с руководителей подведомственных организаций –...

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығы сыбайлас жемқорлық жауапкершілігінен босатпайды

Парламент ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының – мемлекеттік мекемелер мен...

Қазақстан Республикасында істерді дайындау және оларды апелляциялық сотқа беру

            Апелляциялық іс жүргізу — бұл бірінші сатыдағы соттың сот актілерін (шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын)...

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...