Атырау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің №79 мекемесінде Атырау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен жаза мерзімін өтеп жатқан сотталған әйелдерге мекемедегі жазасын өтеушілерге әйелдер кәсіпкерлігі бойынша түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.
«Кәсіп ашу — қоғамға кірігудің, өзін-өзі жұмыспен қамтып қана қоймай, отбасын сақтау, балаларын асырау кез-келген әйелдердің алға қойған мақсаттарының бірі. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әр әйел өзіне жақын кәсібімен айналысуы қажет. Ол үшін бизнестегі қаржылық сауаттылық бірден — бір жақсы жадына меңгеріп, оны жұзеге асырса, кәсіптің де нәсібі болары анық. Ал, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы әйелдердің, қыз-келіншектердің кәсібін бастауға, қаржыландырудың жолдарын түсіндіруге, еңбекке араласуына үлкен мүмкіндік бар. Ол үшін әр әйел армандарымен қоса, сол мақсатқа жетемін деп өзін өзі қайрап жақсылыққа ұмтылуы қажет. Оқыту тегін. Кәсіп ашу, бейінді оқу, кәсіби бағытта білімін шыңдау ешқашанда кеш емес» — деп жан-жақты мысал келтіре кеңесін айтты Кәсіпкерлер палатасы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесші-менеджері Гүлнафис Жармұханбетова.
Дөңгелек үстелге, Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты №79 мекемесінің бастығының сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру және жалпы сұрақтар бойынша орынбасары әділет подполковнигі Дангиева Жанна Газизовна, Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты №79 мекемесінің сотталғандарды еңбекке ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны Ескалиева Гульмира Суюндуковналар және мекемеде жазасын өтеуші әйелдер қатысты.
Әйелдер өздерінің кәсіптері туралы, оны қалай ашуға болатындығын, ашқан кезде қандай мүмкіндіктерді ала-алатындығығы, мемлекет тарапынан қандай қаржылық қолдаулар бар деген сұрақтарға толық жауаптарын алды.


