Алматылықтар жойқын жер сілкінісіне дайын болуы керек пе?

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев алматылықтар жойқын жер сілкінісін күтуі керек пе, жоқ па, жауап берді — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сейсмикалық оқиғадан кейін Қырғызстанда да, Қытайда да 100-ден аса афтершок тіркедік. Қала тұрғындары мен қонақтары бестен көп емес дүмпулерді сезді, олар айтарлықтай сезілді. Бұл қанша уақытқа созылуы мүмкін? Былтырғы Түркия мен Сириядағы сейсмикалық оқиғаларды алайық. Афтершок әлі күнге дейін болып жатыр. Сирияның Кахраманмараш қаласында болып жатқан сейсмикалық оқиғаларды бәріңіз көріп отырсыздар. Бұдан күшті жер асты дүмпулерін күту керек пе? Мұнда мен 100 пайыз мәлімдей аламын, күшті, жойқын жер сілкінісі немесе афтершок болмайды, олар бәсеңдеп барады», — деді Сейсмология институтының директоры.

Оның айтуынша, тұрғындар қайтадан жер асты дүмпуін сезсе, жер сілкінісі кезінде өзін ұстау ережелерін білуі керек.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Арада 49 минуттай уақыт өткенде алматылықтар жаңа жер сілкінісін сезді. Бірақ ол әлсіз болды.

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...