12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Халық қай заманда да қазыларды құрметтеген

Қазақ билері әлімсақтан әділеттің жақтаушысы, шындықтың қорғаушысы саналады. Сондықтан, олардың ел алдындағы беделдері әрқашан да жоғары, абыройлары асқақ болған, халық ерекше құрметтеген. Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды дана билер салған сара жолды тәуелсіз мемлекетімізде соттар жалғастыруда.

Ел соттары азаттықтың ақ таңымен бірге жаңарып, жаңғырды. Ең алдымен әділетті сот төрелігін қамтамасыз ету міндеті алға қойылып, судьялардың тәуелсіздігі мен биік әлеуметтік мәртебесі айқындалды. Судьялардың  Президент Жарлығымен тағайындалуы, олардың сот билігіндегі орнын нақтылап берді. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыруда Конституция мен заңға бағынады, сонымен қатар, әділеттілік атты аса маңызды моральдық ұғымға да сүйенеді. Сот билігі мемлекет атынан жүргізіліп, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғауда Конституция мен заңдардың, құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Қай саланың болсын қарқынды дамуында кадрлар рөлі ерекше. Мәселен, сырт көзге судья болу оңай көрінгенімен, шын мәнінде олай емес. Халық түсінігінде судьяның қателесуге хақы жоқ. Содан болар, жұртшылық судья бойынан бір ауыз сөзбен бүкіл бір елдің мәселесін шешіп, жесірін жылатпаған, жетімін құлатпаған қазақ билерінің қасиеттерін көргісі келеді. Әрине, бұл талап үддесінен шығуда кадр таңдаудың маңызы зор.

Соңғы жылдары судьяларды іріктеу процесі өзгеріп, олардың қызметін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Болашақ судьялар тізімі БАҚ-тар арқылы жарияланып, халық пікірі қаперге алынатын болды. Әрбір судьяға сот төрелігін іске асыру мемлекет атынан сеніп тапсырылатындықтан, олардың білім-білігі әр қырынан сыналады. Қатаң сыннан сүрінбей өткендер ғана судья бола алады және қызметте де жоғарылауға жол ашылады.

Соттың қызметіне ешкімнің араласуына, қандай да бір ықпал етуіне жол берілмейді, араласқандар заңмен қудаланады. Қазақстан Республикасы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы заңының 25-бабы 3-тармағымен судьяның қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi еместігі айқындалған. Мұны судья тәуелсіздігінің жарқын көрінісі ретінде бағалауға болады.

Судьяның өзі ғана емес  отбасы мүшелерi мен мүлкi де мемлекеттiң қорғауына алынған. Сондай-ақ, оның өзіне және мүлкiне, кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген зиян республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеліп, жыл сайынғы еңбек демалыстарында денсаулықтарын жақсарту үшiн лауазымдық екi айлықақы мөлшерiнде жәрдемақы төленеді. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі заңмен қарастырылған. Олар қызмет бабымен басқа өңірге көшіп барған жағдайда көшіп-қону шығыстары бюджеттен өтеледі. Қызметiнен босатылған күннің өзінде басқа үй бермей тұрып, қызметтiк пәтерден шығарылмайды. Бұдан да өзге артықшылықтары жетерлік.

Мұны айтып отырған себебіміз, «Генерал болуды армандамайтын солдат жоқ» десек, заңгерліктің ең жоғары шыңы – судьялық. Елімізде осынау мәртебелі қызмет тізгінін ұстап, сот төрелігінің әділ атқарылуын қамтамасыз еткісі келетіндердің мүмкіндігі жоғары. Мысалы, Қазақстанда жасы отызға толған жоғары білімді, кемінде бес жыл өз мамандығымен жұмыс істеген заңгерлер судьялыққа үміткер бола алады. Судьялыққа үміткерлер ҚР Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы заңның 29-бабымен белгіленген талаптарды орындаса болғаны, армандарына жету өз қолдарында.

Судьялық қаншалықты мәртебелі лауазым болса, оның жауапкершілігі де соншалықты жоғары. Өйткені, әрбір шығарған үкім мен шешімнің артында  адам тағдыры бар. Соттың абыройы – мемлекеттің абыройы десек, абыройлы міндетке сай болу судьяның тұтас өміріне барлық уақытта қатаң талап, шексіз жауапкершілік жүктейді. Қазылықты абыроймен атқару үшін  құқықтық нормаларды жетік білуімен қатар, ел мен жердің тарихынан, салт-дәстүрінен, шешендік өнерінен хабардар болу қажет.

Судьяға қойылатын талаптар жоғарыда аталған заңның 28-бабында белгіленген. Мысалы, осы бапта судьяның сот төрелiгiн атқаруда, сондай-ақ, қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын қатаң сақтап, беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн  әрекеттерден аулақ болу керектігі көрсетілсе, Судья әдебі кодексінде бұл талап «судьяның беделіне зиян келтіруі мүмкін мәмілелер жасаудан аулақ болып, жеке таныстар мен байланыстарда ұқыпты болу керек» деп толықтырылған.

Сот төрелігін атқару қай заманда да кәсіби біліктілігі жоғары мамандар еншісінде болмақ. Заңмен белгіленген талаптардың барлығы судьялар жұмысының санын емес, сапасын арттырып, сот жүйесін нығайта түсері анық.

Талғат Орынғали,

Наурызбай аудандық сотының төрағасы

Алматы қаласы


ИСКОРЕНИТЬ СОЦИАЛЬНОЕ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Выступая на первом форум работников сельского хозяйства, Глава государства...

Перспективный туристический хаб

Шымкент – крупнейший город Казахстана, который стремительно развивается и...

Киберзавры против кибер-мошенников

В Шымкенте стартоал образовательный проект «Киберзары», направленный на повышение...

Книги на автобусных остановках

Современный мир становится все более цифровым. И это касается не...

Предупрежден, значит, вооружен!

С каждым днем мошенники придумывают все новые cхемы обмана с использованием...