12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАРЖЫНЫҢ АЗДЫҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ЖОЛЫН БАЙЛАП ТҰР

Оның негізгі себебі оларда агроғылымның дамуы, онда білікті мамандардың көптеп шоғырлануы жолға қойылған. Ал біздің елімізде ауыл шаруашылығы мен ғылым екі бөлек өмір сүріп жатыр. Осының салдарынан агроөнекәсіптің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі, еңбекқор халқы, қолайлы табиғаты бола тұра Қазақстан бүгінде ішкі нарықты да өз өнімімен толтыра алмай отыр. Біздегі ауылшаруашылығы өнімдерінің дені сырттан импортталады. Неге? Парламент Сенатында өткен «Аграрлық ғылымды дамытудағы және агроөнеркәсіптік кешен үшін мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағатында осы сауалға жауап ізделді. Оған Сенат депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, аграрлық саладағы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, тәуелсіз сарапшылар және басқалар қатысты. Отырыста баяндама жасаған сенатор Арман Өтеғұлов қалыптасып отырған жағдайға жан-жақты сараптама жасауға тырысты.

Оның сөзінен түйгеніміз, аграрлық өндіріс салалары мен осы бағытта жүргізілетін еліміздегі ғылыми-зерттеу инновацияларының өзара байланысы жоқ. Соның салдарынан ғылыми-зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу бүгінде небәрі 8 пайызды құрайды. Аталған жағдай, қазақстандық компаниялар арасындағы отандық агроғылымға деген сұраныстың төмен екенінің көрінісі. Бұндай жағдай, біріншіден: аграрлық ғылымды ұйымдастырудың проблемалық мәселелеріне қатысты болуда, ол тиімді басқарудағы дағдарыс болып табылады. 1990 жылдан бастап аграрлық ғылымды дамыту үшін 6 үлкен реформа жасалып, ғылыми қызметкерлердің саны 6-7 есеге азайды. Сондықтан еңбегі көп, еңбекақысы аз ғалымдардың табысын арттыру маңызды мәселе. Айлығы шайлығына жетпей жүрген ғалымнан ғылыми жаңалық күту ақылға сыймайтын жағдай. Осының салдарынан көптеген ғалымдар мен білікті мамандар саладан кетуге мәжбүр болды. Екіншіден, аграрлық ғылымды қаржыландыру мардымсыз. Бүгінде оның көлемі 0,16 пайыз деңгейінде. Дамыған елдерде аграрлық ғылымды қаржыландырудың едәуір үлесін бизнес өз мойнына алады. Олар өздері үшін ғылыми жаңалықтардан және оларды практикалық қолданудан пайда табудың перспективаларын көретін бизнес-құрылымдар. Өкінішке қарай, Қазақстанда ғылымды қаржылай қолдауға немесе өз құрылымдарында ғылыми-зерттеу орталықтарын құруға қабілетті ірі, қаржылық орнықты ауыл шаруашылығы компаниялары аз. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 мен 80 пайыз аралығында болса Қазақстанда 5 пайызға да жетпейді екен. Үшіншіден, ғылыми кадрларды даярлау әлсіздігі. Қазақстан аграрлық ғылымның ауылшаруашылығы бағыттары бойынша жетекші позициясын жоғалтып, кадрлардың «апатты ағуы» перспективалы жас ғалымдарға әсер етті. Сонымен қатар бүгінде жоғары білікті жас кадрлардың – ғылыми қызметкерлердің, көмекші және техникалық персоналдың тапшылығы бар. Ғылыми қызметкерлердің орташа жасы ұлғайып бара жатқаны қоғамда жиі айтылуда. Мысалы, Ұлттық ғылыми-білім беру орталығында 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар саны – 607 қызметкер. Яғни, бұл барлық қызметкерлер санының 8 пайызын, ал ғылыми қызметкерлер санының 21,6 пайызын ғана құрайды. Базалық қаржыландыру аясында жетекші ғалымдарға қойылып отырған талаптар, ол ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы. Бұл ретте өндіріс бойынша талаптар ескерілмеген, мысалы кейбір өндірістегі қызметкерлердің біліктілігі жоғары болмаса да, кем түспейтін жағдайлар кездесіп жатады. Бұдан түйіндейтін мәселе: теория мен практиканың байланысы әлсіз болуы. Кейбір ғылыми орталықтар жас ғалымдардың тек теорияны білетінін айтып, бұл кемшілікті атап көрсетуде. Ауыл шаруашылығы саласындағы тағы бір өткір мәселе – кадрлар даярлау. 2022 жылы ЖОО-лар 2400-ге жуық, колледждер 7,5 мың маман даярлап шығарған. Алайда, нарықты кадрмен қамтамасыз ету әлі шешілмей отыр. Бүгінде, кәсіпорындар дайындаған кадрларға көңілі толмай, шетел мамандарын тартуда. Мамандықтар бойынша конкурстан өту балы соңғы жылдары өте төмен, тіпті бөлінген гранттардың игерілмей қалу фактілері де жетерлік. Дипломмен ауылға жобасы ауыл шаруашылығы мамандығының 3,3 пайызын ғана қамтып отыр. ҚР ҰҒА Вице-президенті, Қаз ҰАЗУ Басқарма Төрағасы Ақылбек Күрішбаев ғылым мен өндірістің байланысына қатысты біраз мәселені ортаға салды. Ақылбек Қажығұлұлы бұл орайда ғылымды қаржыландырудың төмендігі Қазақстанда аграрлық ғылым жетістіктерінің дамыған елдердегідей өндіріске кеңінен енгізілмеуі, жоғары сұрыптардың, тиімді технологиялардың шығарылмауынан. Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай егер бар болса, оларды фермерлер өздері кезекке тұрып сатып алар еді. Өкінішке орай, қаржының жеткіліксіздігі осындай ғылыми жаңалықтардың жолын байлап отыр. Мысалы, бүкіл Қазақстанның селекциясына, барлық дақылдарға 1 млрд теңге бөлінеді (бұл 2 млн доллардан сәл асады). Ал дамыған елдерде 1 дақылдың 1 сортына ең аз дегенде 1 млн доллар жұмсалады. Екіншіден, мәселе ғылыми тәсілде. Дамыған елдерде сорт биотехнологиялық тәсілдермен, гендік деңгейде жасалады. Ал біздің селекционерде олар сияқты қажетті биотехнологиялық зертханалар, фитотрондар, жылыжайлар, ұлттық генетикалық өсімдік қоры жоқ. Шетелдік ғалымдардың айтуынша, бізде аграрлық ғылымды басқару жүйесі өзгере береді. Шын мәнінде аграрлық ғылымның басқару формасын емес, мазмұнын өзгерту керек. Мысалы АҚШтың ауыл шаруашылығы зерттеулерінің ішінде стратегиялық және өзекті зерттеулерді конкурстан тыс қаржыландыру көзі – 48 пайызға тең. Ал Қазақстанда аграрлық жобалардың барлығы конкурс арқылы жүргізіледі. Мысалы, заманауи сорт, технология шығару үшін, заманауи фундаменталды білім керек. Ал бізде аграрлық ғылымның барлығы қолданбалы ғылым деп бөлініп кеткен. Екіншіден, заманауи мамандарды даярлаудың және тиімді инновацияларды дамытудың ең қысқа жолы – зерттеу университетін ұйымдастыру. Бұл модель барлық дамыған елдерде қолданылады. Ендігі басты мәселе ғылыми және аграрлық кадрларды даярлау. Бұл орайда ауыл шаруашылығы мамандықтарына негізінен ауыл жастары түсетінін ескеру керек. Ұлттық жоғары оқу орнына мемлекеттік грантқа түсушілер үшін шектеу балы 60. Өйткені, 60-тан астам балл жинаған талапкерлердің көпшілігі педагогикалық және инженерлік мамандықтарды таңдайды. Сондықтан ауыл шаруашылығы мамандықтарына өту балын 55-ке дейін төмендету қажет. Тағы бір мәселе, басқа жоғары оқу орындарымен салыстырғанда да аграрлық университеттер студенттері көштің соңында тұр. Олардың стипендиясы «Педагогикалық білім» және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алушыларға қарағанда 26 мың теңгеге төмен. Осы айырмашылық жойылу тиіс.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...