Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Ол мемлекеттің дамуына тосқауыл болып қана қоймай, қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігі қағидаттарына кері әсерін тигізеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекет үшін де, қоғам үшін де маңызды міндеттердің қатарында.

Қоғамда жемқорлықтың орын алуы азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін төмендетеді. Заң талаптарының сақталмауы, жеке мүдденің қоғам мүддесінен жоғары қойылуы әлеуметтік теңсіздікке алып келеді. Мұндай жағдайлар елдің экономикалық және рухани дамуына да кері ықпал етеді. Себебі адал еңбек пен кәсібилік бағаланбайтын ортада әділетті қоғам қалыптастыру қиынға соғады.

Сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі оның қоғамның барлық саласына әсер етуінен көрінеді. Әсіресе, мемлекеттік қызмет саласында тазалық пен ашықтықтың сақталуы аса маңызды. Мемлекеттік қызметшіге артылған сенім жоғары болғандықтан, әрбір маман өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, қызметтік әдеп нормаларын қатаң ұстануы тиіс. Заң талаптарын сақтау, әділ шешім қабылдау және азаматтардың құқықтарын құрметтеу – қоғам сенімінің негізі.

Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің цифрландырылуы, ашықтықтың артуы және құқықтық мәдениетті қалыптастыру – жемқорлық тәуекелдерін азайтудың тиімді тетіктері. Сонымен қатар, жастар арасында адалдық пен парасаттылық құндылықтарын насихаттау да маңызды рөл атқарады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Оған бүкіл қоғам болып қарсы тұру қажет. Әр азамат заң талаптарын құрметтеп, адалдық қағидаттарын ұстанғанда ғана әділетті әрі дамыған қоғам құруға болады. Өйткені ел болашағы – заңның үстемдігі мен қоғамның сеніміне тікелей байланысты. Адалдық пен әділдік салтанат құрған қоғам – мемлекет дамуының басты кепілі.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маман — сот отырысының хатшысы Еркінбек Санжар Асқарұлы

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...