Сирек кездесетін жағдай: алматылық дәрігерлер жаңа технологиялардың көмегімен ауыр науқасты аяққа тұрғызды


Пациент Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген. Осыдан 10 жылдай уақыт бұрын оның жамбас буыны алмастырылған. Жарақат салдарынан цементсіз әдіспен бекітілген протез жамбас қуысына кіріп кеткен, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
Аурухананың полижарақат бөлімшесі меңгерушісі Рамазан Әскеровтің айтуынша, протез ұршық ойығына кіріп кеткен. Салдарынан жамбас қуысы қатты зақымданған. Науқас бірден жан сақтау бөліміне жеткізілді
Жағдайы тұрақтанғаннан кейін бөлімшеге ауыстырылып, клиника басшыларының қатысуымен консилиум өткізілді.
«Мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Біз екі кезеңнен тұратын ота жасау туралы шешім қабылдадық. Біріншісінде іш қуысы арқылы сынған протез бөлшектерін алып шықтық. Жағдайы жақсарғаннан кейін ревизиялық эндопротез орнаттық. Бұл ортопедиялық операция ішіндегі ең ауыр оталардың бірі болып саналады. Яғни, бір рет ота жасалған жерді тағы қозғап, операция жасадық. Травматолог-ортопедтер мен анестизиологтар командасының біліктілігінің арқасында күрделі ота сәтті өтті», — дейді Рамазан Әскеров.
Пациент отадан кейін екінші күні төсекте отыратын болды. Үшінші күннен бастап арнайы құрылғының көмегімен жүре бастаған.
«Бұл жоғары технологиялы операция. Пациенттің бұрынғы буынының орнына жасанды протез саламыз. Мұндай операцияларды барлық клиникалар жасай бермейді. Ол үшін арнайы дайындықтан өткен мамандар мен құрал-жабдықтар қажет. Оның үстіне, Қазақстанда эндопротездеу операцияларын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы тегін жасатуға болады», – деп қорытты дәрігер.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...