ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕНІ ТОЙЛАДЫ

Қасиетті мереке – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы сотталғандар да салтанатты түрде тойлады.
Шаруашылық қызметіндегі сотталғандар еліміздің Әнұранын орындап, халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген азаттық күніне зор құрмет көрсетті.
Мерегеге жиналғандарды құттықтаған Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті № 72 мекемесі Тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Қадырбек Тұрлыбеков «Бүгінгі күннің барша қазақстандықтар үшін маңызы ерекше. Қайта түлеп, ұлтымызды ұлықтайтын мереке Республика күні Қазақстанның тәуелсіз ел болуға деген алғашқы қадамы басталған күн. Егемендіктің арқасында еліміз елеулі де маңызды жетістіктерге қол жеткізіп, орта Азияда көшбасшы елге айналып үлгерді. Осындай маңызды күні баршаңызды ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің тыныштығы нығая берсін!»-деді.
Салтанатты мерекеде сотталғандар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттап, өз өнерлерін көрсетті. Сотталғандар киетін арнаулы киімдерімен жүретін жаза өтеушілер сол күні қазақтың қасиетті ұлттық киімдерін киіп, әуелете ән салды, күмбірлете күй тартты.
Салтанатты жиынға қатысқан қылмыстық-атқару саласының ардагерлері де сөз сөйлеп, жаза басқан жандардың патриоттық сезімін арттыратын өсиеттер айтып, жарқын болашаққа жігерлендірді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде сотталғандарға арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде...

Сот құжаттарына апостиль қою және электрондық үкімет веб-порталының мүмкіндіктері

Қазіргі жаһандану жағдайында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен...

Судья әдебі – ауқымды ұғым

Қоғамда әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін негізгі тұлғалардың...

Халықаралық шарттар – әділ сот төрелігінің кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде құқықтық мемлекет құру жолында халықаралық стандарттардың...

Тергеу ұғымы және оның маңызы

Тергеу – қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу, кінәлі тұлғаларды анықтау...