12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті

Келес аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 10 сотталған адам жұмысқа жолдама алды. Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік – құқықтық көмектер көрсетіліп отырады. Әлеуметтік — құқықтық көмектің бірі — сотты болғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.
Осыған орай жуырда Шымкент қалалық және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Келес аудандық пробация қызметі мен қалалық халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Пробация қызметі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды және жазасын толық өтеген адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында тоқсан сайын жәрмеңке өткізіліп тұрады. Аталған жәрмеңкеге мен пробация есебінде тұрған 120 сотталған азамат қатысты.

Іс-шарада жұмыс іздеушілерге газэлектродәнекерлеуші, тас құрылысшы, бетоншы, көмекші жұмысшы, электромонтер, тазалаушы, оператор, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы, электрослесарь, аула сыпырушы және тағы басқа бос жұмыс орындары ұсынылды.

Келес аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын Сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробация бақылау белгіленген жұмыссыз жүрген сотталғандарды жұмыспен қамтуға тырысудамыз. Атап айтар болсақ, сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу, оларды жұмыспен қамту мәселесі барлық Пробация қызметкерлерінің басты тапсырмасының бірі, — дейді Келес аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Әшірбаев.
Жұмысқа жолдама алып, отбасына көмек қолын созуға мүмкіндік алған алты сотты болған азамат Түркістан қалалық пробация қызметіне және қалалық жұмыспен қамту орталығына алғысын білдірді.
-Мен Келес аудандық пробация қызметінің есебіне тұрғаныма көп уақыт болмады. Әрине, өзімнің қателігімді түсінемін. Пробация қызметіне тіркеуге тұрған күні инспекторым Жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұрғызды. Міне бүгін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, жұмысқа жолданып отырмын. Осындай қысқа уақытта жұмысқа орналасамын деп ойлаған жоқ едім. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік берген пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Алдағы уақытта құқықбұзбауға тырысамын, — деді пробация қызметінің есебінде тұрған Азат есімді азамат.

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...