12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«АЛТЫБАҚАН» ойын-сауық ән кеші

21 қыркүйек  Алатау дәстүрлі өнер театрында  ЮНЕСКО және Тұрақты даму мақсаттары  «Салауатты өмір салты және салауаттылық» атты 3-тармағын жүзеге асыру аясында «АЛТЫБАҚАН» ойы-сауық ән кешенін тамашалауға әл–Фараби атындағы ҚазҰУ нің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «6В12301 Құқық қорғау органдары» білім беру — бағдарламасы бойынша «Құқық қорғау қызметі мамандығының 1 – курс ҚҚҚ — 111 топ студенттері барған болатын.

Кеште қазақтың дәстүрлі ән өнеріндегі орындаушылық, әуендік, құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты шартты түрде бөлінетін бес мектеп бойынша Арқа, Жетісу, Батыс, Сыр, Алтай-Тарғыбатай попури айтылды. Көкбай Жанатайұлының сөзіне жазылған Алаш Ордашылардың гимні шырқалды.

Ұлтымыздың мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерлері ішінде ұмыт болып бара жатқан қазақтың тұрмыс-салтынан сыр шертетін «Алтыбақан» ұлттық ойыны – қазақ жастарының ертеден келе жатқан кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, айтыс жасап, би билеп, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтеріп, ойын-сауық құратын кеші. Осы ұлттық ойынның төңірегінде әуелеткен дәстүрлі ән мен күмбірлген күй, ақындық пен билеріміз бір бірімен астасқаннан кейін «Алтыбақан» жай ойын ғана емес, сол кездегі қазақы өнердің ұйытқысына айналған, маңызды мәдени шарамен теңбе-тен болған. Көшпелі қазақ өнер бөлек бір сала емес, өмірдің өзіндей болатын. Сондықтан осы қойылыммен кейін білім алушылар өзіндік дәстүрімізді насихаттауға үлес қосқаны сөзсіз. 

Даубасова С.Ш.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...