Қонаев қаласында «Денсаулық фестивалі» өтті

Қонаев қаласының орталық алаңында «Денсаулық фестивалі» өтті. Іс — шараның мақсаты — дене белсенділігін насихаттау, әр азаматтың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға мотивация қалыптастыру, белсенді демалыс түрі ретінде сауықтыру жүгірісін насихаттау.
Фестиваль аясында ерлер мен әйелдер арасында 2000 метрге жүгіруден марафон ұйымдастырылды. Марафонға мемлекеттік қызметшілер, оқу және спорт мекемелерінің өкілдері мен облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары қатысты.Қатысушылар 3 жас тобында бақ сынасты: 18-ден 35-ке дейін, 35-тен 50-ге дейін және 50-ден жоғары.
Фестивальді Алматы облысының әкімдігі, Денсаулық сақтау басқармасы және облыстық СӨС қалыптастыру орталығы ұйымдастырды.
-Фестивальдің мақсаты — тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және белсенді өмір салтын қалыптастыру. Cонымен қатар дұрыс тамақтануға, зиянды әдеттерден бас тартуға үндеу, -деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Лязат Актаева.
Сонымен қатар тұрғындар үшін ұйымдастырылған «Денсаулық қалашықта» дәрігерлер келушілерге кеңес беріп, тексеруден өткізді. Мамандар физикалық белсенділіктің пайдасы мен аурудың алдын алу шаралары бойынша ақпарат берді. Ал балалар арнайы ойын-сауық бағдарламаларын тамашалады. Іс-шара арнайы концерттік бағдарламамен аяқталды.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...