Болат Ғазизұлы Аюхановтың туғанына 85 жыл толуына орай көрме ашылды    

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде қазақ балет өнерінің хас шебері, педагог, балетмейстер Болат Ғазизұлы Аюхановтың туғанына 85 жыл толуына арналған «менің балетім» атты көрме ашылды.    

Көрменің мақсаты: қазақ мәдениетіне сүбелі үлес қосқан, балет өнері тарихында өшпес із қалдырған хореограф, профессор Б.Ғ. Аюхановтың өмір белестері мен шығармашылық жолы, қалдырған мұрасын қала тұрғындары мен қонақтарына таныстыру.

Көрмеге келушілер Б.Ғ. Аюхановтың өмірінен сыр шертетін әр жылдардағы фотоматериалдар, өзіне тиесілі жеке заттары, марапаттары және ғылыми еңбектерімен танысты. Сонымен қатар көрме экспозициясының елеулі бөлігіне бишінің түрлі қойылымдарда киген сахналық костюмдері қойылды. Олардың қатарында Б.Ғ. Аюхановтың ұстазы, Қазақ КСР халық әртісі А.В. Селезневқа тиесілі болған, кейіннен Б. Аюхановқа сыйға берілген сахналық костюмы келушілердің зор қызығушылығын тудырары сөзсіз. Сондай-ақ, «Жас балет» театрында Куба биіне арнайы тігілген костюм (1965 ж.), Ян Сибелиустың музыкасына жазылған «Мұңлы вальс» классикалық биіне киген калетасы және «Гамлет» балетіндегі өзінің сүйікті партиясын орындағанда киген костюмі де ұсынылды. 

Көрме Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорындағы Б.Ғ. Аюхановтың жеке кешенінен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық  би театрынан алынған материалдар негізінде жасақталған.  

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...