Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда 21-23 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы тәуліктерде еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, жаңбыр мен бұрқасын түріндегі жауын-шашын күтіледі.

21 қыркүйекте оңтүстікте, 21 қыркүйекте, 23 қыркүйекте шығыста, 21-22 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады. Батыс антициклоны әсерімен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжанған. Солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің орталығында түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін аяз күтіледі.

«ҚР батыс облыстарында 24-30 градусқа дейін жылы, елдің солтүстік-батысында 15-27-ге дейін, республиканың солтүстігінде 10-16 градусқа дейін жылы, орталықта негізгі фон 10-23 градус, шығыста 10-15-ке дейін, оңтүстікте 20-28-ге дейін, оңтүстік-шығыста 12-22 градусқа дейін төмендейді, таулы аймақтарда 2-10 градус», — делінген хабарламада.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде сотталғандарға арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде...

Сот құжаттарына апостиль қою және электрондық үкімет веб-порталының мүмкіндіктері

Қазіргі жаһандану жағдайында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен...

Судья әдебі – ауқымды ұғым

Қоғамда әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін негізгі тұлғалардың...

Халықаралық шарттар – әділ сот төрелігінің кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде құқықтық мемлекет құру жолында халықаралық стандарттардың...

Тергеу ұғымы және оның маңызы

Тергеу – қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу, кінәлі тұлғаларды анықтау...