12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістанда заңды қаскөйлікпен бұзған азамат қамауға алынды

Әлбетте, барлық адам бірдей тәртіп пен талапты бұзбай күн кешпесі анық. Өмірдің өткелінен сүрінген, абайламай от басып, опық жеген сол азаматтар ақырында сотты болып, темір тордың арғы жағынан шығып жатқан жайы бар. Ал өмірі тар қапаста өтіп жатқан сол жандар сары уайым мен сарсаңға салынып, қайғы қысқан уақытта жаны жай таба алмай, өкініш өзегін өртейтіні сөзсіз.
Ойнап жүріп от басқандар өзінің қателігін түсінсінуі үшін осыдан Пробация қызметі құрылды. Пробация қызметі — қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенетенциарлық) жүйесінің органы.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың қайта қылмыс жасамауы үшін профилактикалық шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Десек те өзіне сот жүктеген міндетті орындамай заңды өсескел бұзатындар да кездесіп жатады. Есептегі сотталғандар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзып, темір торға тоғылып жатқандар да кездеседі.
Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тағайындалатын адамдар кездесіп жатады. Осындайда, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтың қателігін өзгелер қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.
2022 жылы бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған Дүйсенбай Түркістан қалалық соты бойынша пробация есебіне алынған болатын. Өзіне берілген осындай аз мерзімде құқық бұзушылыққа жол бермей, өзіне жүктелген міндетті орындамаудың салдары қатаң жазаға алып келіп соғатынын әсте ойламаса керек. Ол өзінің қоғамға келтірген зиянды әрекетінен сабақ алмай профилактикалық іс-шара барысында тіркелуге келмей, кешкі уақытта тұрғылықты мекен-жайында болмай, сондай-ақ, ішімдік ішіп әкімшілік жазаға да тартылған.
– Түркістан қалалық пробация қызметінің есебіне алынған алғашқы күні бұл азаматқа өзінің құқықтары мен міндеттері түсіндірілген болатын. Алайда бұл азамат жаза өтеу барысында өзіне сотпен берілген мүмкіндікті тиісті деңгейде орындамады. Оған жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін және алдағы уақытта жаңадан қылмыс жасауының алдын алумен оның түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында, пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып сотталушы азаматтың жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазаны Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді, — деді деді Түркістан қалалық ПҚБ-нің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Абдуали Мұхамбетқалиев.
Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай «тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген ұлағатты сөзді әрбір еліміздің азаматы есте сақтаса екен. Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе әрбір Қазақстан Республикасының азаматы, бірінші кезекте ата Заңымызды сонымен қатар барлық іргелес заңдарда көрсетілген талаптарды сақтап, артымыздан өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымызға өнеге және үлгі болу керек.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әділетті қоғамға бастар жол

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері...

Полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған

Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге...

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...