Қызылордада сұйытылған мұнай газын бөлшек саудадан өткізу бойынша кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын 26 кәсіпкердің құқықтарын қорғады.

Мәселен, бірқатар бизнес-қоғамдастық өкілдері өңір кәсіпкерлері арасында газ көлемін бөлуде ашықтық сақталмауы мәселесін көтерді. Келіп түскен өтініштердің негізінде Департамент көрсетілген мәселе бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді. Мониторинг газды бөлу рәсімін жүзеге асыру кезінде адал бәсекелестік қағидаттары сақталмағанын көрсетті. Нәтижесінде, аталған мән-жайлар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ошақтарын тудырды.

Айта кетсек, өңірде сұйытылған газды сатумен 26 кәсіпкерлік субъектісі айналысады.

Мониторинг жергілікті атқарушы органның жанынан газ бөлу жөніндегі Комиссия жұмыс істейтіні және оның қызметі аталған кәсіпкерлердің белгілі бір тобына газды негізсіз үлкен көлемде бөлу, сол кәсіпкерлерге газдың қосымша көлемін басқаларды хабардар етпей бөлу мүмкіндіктерімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырғанын көрсетті.

Мәселені талқылау және шешу мақсатында Департамент «Атамекен» алаңында кәсіпкерлермен уәкілетті мемлекеттік органдар басшылығының шақыруымен кездесу ұйымдастырды.

Талқылау қорытындысы бойынша газдың қосымша көлемін алмаған кәсіпкерлерге 20-дан 30 тоннаға дейін отын бөлінді.

Бұдан басқа, Қызылорда облысының әкімдігі «сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы» жаңа қаулы шығарды (08.09.2023 ж. №156), ал алдыңғы қаулының күші жойылды.

Жаңа қаулы шағымдану тетігін, өңірге газдың қосымша көлемін жеткізу кезінде кәсіпкерлерге хабарламалар жіберу қажеттілігі туралы міндеттемені, жолданған өтінімнен тыс газ көлемдерін алудың қолжетімсіздігін, қосымша газ берудің егжей-тегжейлі процесін және т.б. көздейді.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...