Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласының мамандары лекция ұйымдастырды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласының мамандары лекция ұйымдастырды. Лекцияға аталған Департамент пен №13 мекеменің жеке құрамы қатысты.

Лекция барысында Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың жетекшісі Саят Балғымбаев пен көмекшісі Әділжан Ақжігітов сыбайлас жемқорлықтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін тежейтіні, елдің дамуына қауіп төндіретіні жайлы кеңінен әңгімеледі.

«Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Қызметкерлерге жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіре отырып, мекемелерде заңдылық пен жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оларды сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеудің маңызы зор»-деді өз сөзінде Саят Балғымбаев.

Іскерлік жағдайында өткен лецияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қағидаттары және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,а қатысты заңнамалардағы өзгерістер туралы айтылып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...