«Сотталғандарға жұмыс көзін ашу»

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Балалар колониясында №11 мекемеде Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны Низамова Толунай Азатовнаның ұйымдастырумен «Жұмыс көзін ашу бойынша» кәсіпкерлермен кездесу өтті. Аталған жұмыстық кездесуге Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Аскербекова Мадина Алибековна және Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының Қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Қойлыбаев Мейіржан, Алматы қаласы еңбек ұтқырлығы орталығы КММ жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Жукенова Алтынай Аязбековна, Алматы қаласы бизнесті қорғау кәсіпкерлерді қолдауының маманы Сәрсенбаев Ерсайын Искаович мекеме бастығы әділет подполковнигі Толубаев Мирас Андреевич, Мекеме бастығының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары әділет капитаны Болат Қанат  қатысты.

Сотталғандарды жұмыспен қамту ешқашан күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе. Түзеу меемелерінің аумағында шағын өндіріс орындарын ашу осы мәселенің түйінін шешуге айтарлықтай ықпал етуде. Аталған заң талаптарына сәйкес енді он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар аптасына отыз алты сағаттан аспайтын уақыт жұмыс істейді соған байланысты осы аталған іс-шаралық кездесуде жұмыс көзін ашу туралы мәселе қаралды.

«Жазалы жасөспірімдерге жұмыс көзін ашу басты мәселе, олар бір жағынан қазір сұранысқа ие жұмыстар жасаса, екінші жағынан табыс тауып, сот белгілеген шығындарын өтеуге және аз да болса ата-аналары мен бауырларына қаржылай көмек беруге мүмкіндік туады. Сонымен қатар олар еңбек ете жүріп, шеберліктерін шыңдайды. Еркіндікке шыққан соң кәсібі бойынша жұмысқа орналаса алады» дейді №11  мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны Толунай Низамова.

                                                                №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде сотталғандарға арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде...

Сот құжаттарына апостиль қою және электрондық үкімет веб-порталының мүмкіндіктері

Қазіргі жаһандану жағдайында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен...

Судья әдебі – ауқымды ұғым

Қоғамда әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін негізгі тұлғалардың...

Халықаралық шарттар – әділ сот төрелігінің кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде құқықтық мемлекет құру жолында халықаралық стандарттардың...

Тергеу ұғымы және оның маңызы

Тергеу – қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу, кінәлі тұлғаларды анықтау...