Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер азаматтар өмірінің ажырамас бөлігіне айналды және күн сайын азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу арқылы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 1324 функциялары мемлекеттік қызметтер санатына жатқызылған.
Мысалы, 2022 жылы Қазақстанда 270 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтердің азаматтардың өміріндегі өзектілігін айғақтайды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің басым бөлігі тек саны ғана емес, сапасы да болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттеріне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функция жүктелген.
Департаменттің құзыретіне өтініштерді, хабарламаларды, сұрау салуларды, үн қатуларды, ұсыныстарды, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарын қарау кіреді.
Мәселен, Алматы қаласы бойынша МҚІА департаментіне тасымалдаушы жүк тасымалдау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажет лицензияны қайта ресімдеуден негізсіз бас тартқаны үшін шағымданған.
Көліктік бақылау инспекциясы тасымалдаушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеуден бас тартқан. Алайда, тексеру қорытындысы бойынша МҚІА департаменті көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқанын анықтады.
Тексеру нәтижелері бойынша Департамент теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру арқылы құқықтарды қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдады.
Осыған байланысты, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде құқықтары бұзылған жағдайда өз құқықтарын қалпына келтіру үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жүгінуге құқылы екенін түсіндіреді, өйткені біз мемлекеттік қызметтерді сапалы алуға және клиентке бағдарлануды арттыруға мүдделіміз.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлеккеттік қызметтер басқармасының бас маманы –
Саду Л. Т.


