Қазақстан Республикасының Ата заңында «Біздің мемлекеттің ең басты байлығы, қазынасы-адам және оның өмірі, құқықтарымен мен бостандықтары» делінген. Осыған сәйкес елімізде адам және оның өмірі үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр.
Ата заңымызға сүйенсек «Балаларына қомқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінген. Мемлекеттің бұл саясатын жүзеге асыру үшін бізге бірлік керек. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ең басты іс-әрекеттердің бірі болып табылады. Ал олардың арасында түсініспеушілік жағдай туындаған кезде дау шығып, шаңырақ шайқалады. Мінекей осындай дауларды шешу үшін бұрын билердің төресіне жүгінген. Қазіргі таңда дауларды реттеудің жаңа түрлері «Медиация туралы» заңы пайда болып, заңды күшіне енді. Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Отбасылық медиация бойынша жұмыстарының негізгі мақсаты-отбасында туындаған түрлі кекілжіңнің немесе түсініспеушіліктің алдын алуға болады. Отбасындағы келіспеушіліктер, көп жағдайда өзара тіл табыса алмау әсерінен болады. Олардың көзқарастарын реттеп, ортақ шешім қабылдауға ықпал ету арқылы ең алдымен баланың мүддесін, содан кейін, отбасын сақтап қалуды ойлаған медиаторлардың еңбегін ерекше атап өту керек.
Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының сот приставы А. М. Жувандыков


