ҚАЖ қызметкерлері Конституция күніне орай марапатталды

30-тамыз Конституция күніне орай Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мерекелік іс-шара өтті. Жиын барысында департамент бастығы Есенкелдиев Шәймерден Тәжіқұлұлы өз қызметін қалтқысыз атқарған Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты барлық мекемелердің қызметкерлерін Конституция күнімен құттықтай отырып, арнайы  марапаттармен құттықтады.

Оның ішінде ерең еңбектерімен көзге түсіп, қызметтерін адал атқарып жүрген жеті қызметкер арнайы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, он екі қызметкер департамент бастығының қолынан төс белгі алса, отызға жуық қызметкерлер грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ, жиырмаға жуық тәртіптік жаза алған қызметкерлердің жазасы алынды.

Жиында, мекеменің ардагерлері сөз сөйлеп, барлық қызметкерлерге құттықтау айтты. Соның ішінде, қызметте белсенді, антына адалдық және де өздерінің жүріп өткен абыройлы жолдарын айтып, ҚАЖ қызметкерлерін осындай дәрежеге жетуін тілеп, тілек білдірді. Қылмыстық-атқару жүйесі саласында адал қызмет атқарып келе жатқаныма он сегіз жылдың жүзі болды. Бұл жыл аралығында түрлі қиыншылық пен қуанышты қатар алып жүрдім. Қызметтен бөлек отбасыма да жиі көңіл бөліп жүргеннің арқасында отбасым берген жылулықтың нәтижесі ретінде қызметте адал әрі шабыт пен жұмыс атқарып келемін,- деді Тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі Сәулебеков Бауыржан Әлмырзаұлы.

Жауапкершілігі мол салада қызметтеріне деген адалдықтың нәтижесі ретінде барлық қызметкерлер бірнеше жыл жұмыс жасап, қорытындысында арнайы төс белгілер мен  марапаттарға ие болды. Режим және Күзет бөлімінің бақылаушы кинологы болып қызмет атқарып келе жатқаныма он екі жыл уақыт көзді ашып жұмғанша өтіп кеткенін байқамадым. Бұл дегеніміз, жұмысымызды жанымыз сүйіп жасайтындығымыздың белгісі,- деді Кинолог маманы Томаев Ғалым Арғынұлы.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...