АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, АЛМАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫ БОЙЫНША ҚАЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Қазақтан Республикасының Конституциясы күні Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы арасында салтанатты түрде аталып өтті.
Салтанатты жиында жеке құрамды құттықтаған департамент бастығының орынбасарлары әділет полковнигі Е.Ұзақов пен әділет подполковнигі Ж.Қосжанов Конституцияның халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналған басты құжат екенін атап өтті.
Еліміздің Ата заңының құрметіне арналған іс- шарада Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сағалбаев та сөз сөйлеп, қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмысқа қарсы күресте біліктілік танытып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда ардагерлердің де үлесі мол екенін тілге тиек етті.
Мерекелік бас қосуда ҚАЖД Тылмен қамтамасыз ету тобының бас маманы әділет майоры Ю.Руденко мен № 49 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Р. Камирдинов «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төс белгісімен, №11 мекемесі бастығының кезекші көмекшісі әділет майоры А.Нүсіпов ҚР Ішкі істер министрлігінің Грамотасымен марапатталса, №14 мекемесінің жасақ бастығы әділет капитаны А.Тлесов пен ҚАЖ ардагері М.Мамтазизова Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Грамотасына, ҚАЖД «Күзет бөлімінің» бақылаушысы әділет кіші сержанты Е.Берік пен еңбек ардагері А.Серғазинова ҚАЖ комитетінің Алғыс хатына ие болды.
Сонымен қатар жеке құрам мен сотталғандар арасында жүйелі жұмыс жүргізгені үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдары Е.Алибаев, Н.Қалиев, А.Қойшыбаев, Қ.Такировтарға Департамент бастығының Алғыс хаттары тапсырылды.

До 60 тысяч автокомпонентов будут производить в Костанае

Костанайская область наращивает промышленное производство и одновременно развивает инфраструктурные...

Виртуалды қауіптер тізбегі: Онлайн-алаяқтықтан басталып, дроперлік пен сталкингке ұласатын киберқылмыстар

Цифрлық технологиялар өмірімізді айтарлықтай жеңілдеткенімен, қылмыстық әлемді де жаңа...

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...