«Мемлекеттік  қызметшінің  әдебі  —  қоғам  айнасы»

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексі жаңа редакцияда – ҚР Президентінің №814 жарлығымен  22.02.2022 жылы қолданысқа енгізілді. Осы әдеп  кодексі  мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара  қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметтің  әдептік қағидаттары:

1.адал ниеттілік-қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;

2.адалдық — өз міндеттеріне шынайы көзқарас;

3.әділдік — жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық  топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау;

4.ашықтық — жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;

5.сыпайылық — азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары:

1.қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған  моральдық — әдептік кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және  мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау;

2.мемлекет мүдделеріне және азаматтардың  құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;

3. заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау;

4.азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық  фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез- құлқымен олардың  тарапынан  сынға себепкер болмау;

5.мемлекеттік қызметшінің  қызметтік міндеттерді орындау кезінде сырт келбеті мемлекеттік аппараттың  беделін  нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс;

6.ұжымда  іскерлік және жанашыр өзара  қарым-қатынас пен  сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;

7.ұжымда әріптестерінің ар намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартынуға;

8.мемлекеттік  қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік  нормаларын ұстануға;

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады. Мемлекеттік  қызметшілердің  жұмыс барысындағы басты құралы болып табылатын жаңа Әдеп  жөніндегі кодексі, бұл — жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын  белгілейтін маңызды құжат. Ол мемлекеттік  қызметшілердің  моральдық-этикалық келбетін ғана емес, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұстау мәнерінің базалық стандарттарын бекітеді. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің күнделікті жұмысында қарапайымдылық, әділдік, адалдық, сатылмаушылық сияқты принциптерді ұстану керектігі басты орында тұрады. Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен сыбайлас жемқорлықтың бетін қайтаруы бірін-бірі толықтыратын фактор болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істеуі бүгінгі күннің талабы болмақ. Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеті — мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алатын құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының кеңсе бас маманы:                                                          Г.Борашева

Отдых с заботой о природе

Экологический туризм уверенно набирает популярность во всем мире, и...

Эффективные инструменты профилактики

По данным World Population Review (WPR) за 2025 год,...

В формате открытого диалога 

В целях повышения экологической грамотности молодежи и формирования ответственного...

Ключевой фактор

На расширенном аппаратном совещании под председательством акима области Абай...

Главное, чтобы не было «перегибов»

Как известно, с января текущего года в Казахстане повышен...